Mazir
25 дек 16:24korilim:1 002 Onir tynysy

Қазақстан: Жаңа жылда қандай шектеулер болады?


Биыл қазақстандықтар Жаңа жылды әдеттегідей қарсы алмайды. Оған себеп коронавирус пен карантиндік шектеулер. Еліміздің әр өңірінде түрлі шектеу енгізілген. Кеше Алматы қаласы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, ереже ертеңнен бастап күшіне енеді. Жаңа жылда үйге Аяз ата мен Ақшақар шақыруға болмайды.  

"25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңа жылдық іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ агенттік аниматорларының жұмысына, яғни үйге Аяз ата, Ақшақар және басқа да жаңажылдық кейіпкерлерді шақыруға тыйым салынады", - делінген қаулыда.

Нұр-Сұлтанда үйге Аяз ата мен Ақшақар шақыруға тыйым салынбаған. Бірақ өңірдің бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева үйге аниматорлар шақыру қауіпті екенін айтып, оларға жүгінбеуге кеңес берді.

Елордада да мерекелік кештер мен корпоративтер ұйымдастыруға болмайды. Жаңа жыл уақытында әр отбасыға барлық санитарлық норманы сақтап, от-шашу атуға рұқсат берілген.

26 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар ашылады, кафе, мейрамханалардың жұмысы 24:00-ге дейін ұзартылған. Бүгіннен бастап аумағы 2 мың шаршы метрден аспайтын супермеркеттер тәулік бойы ашық болады. Қоғамдық көліктер мереке күндері 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Шымкент: Карантиндік шектеулер 11 қаңтарға дейін жасалды. Мұнда да жаңажылдық жиындарға тыйым салынған. Аула мен саябақтарда үш адамнан артық жиналуға болмайды. 

ШҚО: Жаңа жылды мейрамханада қарсы алуға болады. Тек үстелде отырып, басқалармен қашықтықты сақтау керек. Әр үстелдің арасы 2 метр болуы қажет. Бір үстелде 4-6 адам отыруына рұқсат берілген, корпоратив өткізуге, мерекелік конкурстар мен би билеуге болмайды.

Атырау облысы: Бұл өңірде алдағы мереке күндеріне байланысты нақты шектеулер әзірше жоқ. Басқа аймақтар сияқты мұнда да мерекелік іс-шаралар мен корпоратив ұйымдастыруға болмайды. Ойын-сауық нысандары, мейрамханалар жұмысына, мереке ұйымдастыру қызметтеріне тыйым салынған. 

Маңғыстау облысы: Атыраумен шекаралас жатқан ауылдарда санитарлық блокбекеттер қойылған. Мұнда тек маңызды тауар тасымалдайтындар ғана өте алады.

Қызылорда облысы: Мерекелік жиындар, отбасылық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, таяуда қала әкімдігі мерекелік от-шашу болмайтынын хабарлады. 

Жамбыл облысы: Бас санитар дәрігерінің кейінгі қаулысы 27 қазанда шыққан. Өңірде адам көп жиналатын іс-шараларға тыйым салынған. Мереке күндері жабық базарлар мен сауда үйлері жұмысын уақытша тоқтатады. Ойын-сауық орталықтары да жабық болады. 

Ақмола облысы: Мерекелік іс-шараларға тыйым салынған. Азық-түліктік емес дүкендер мен сауда үйлері 20:30-ға дейін жұмыс істейді. Жаңа жылға байланысты нақты шектеулер әзірше хабарланбады.

Алматы облысы: Бас санитар дәрігерінің кейінгі қаулысы бойынша, мереке күндері аумағы екі мың метрден үлкен сауда үйлері, мейрамханалар жабық болады. Жабық базарлардың да жұмысы тоқтайды. Ал жұмыс күндері сауда үйлері 21:00-ге дейін, барлық базар 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қарағанды облысы: 12 желтоқсаннан бастап сауда үйлері, жабық базарлар мереке күндері де ашық болады, бірақ тек 17:00-ге дейін. Ал ойын-сауық орталықтарына тыйым салынған, мерекелік іс-шаралар да өткізуге болмайды. 

Түркістан облысы: Ұжымдық және отбасылық мерекелерді өткізуге әлі де тыйым салынады. Кафелер тек жұмыс күндері ашық болады. Ал ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Басып шығару
cheap lasuna pills - buy generic diarex online buy himcolin generic

buy neurontin 100mg generic - motrin 600mg canada cost sulfasalazine

probenecid 500mg over the counter - buy carbamazepine online order carbamazepine sale

colospa order online - buy colospa 135mg without prescription cilostazol cheap

generic voltaren - aspirin us aspirin price

cheap rumalaya pills - shallaki where to buy cost endep 50mg

order mestinon 60 mg without prescription - buy imitrex without a prescription purchase imuran sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15