Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының 41 жастағы тұрғыны 26 сәуір күнітөрт айлық баласын пышақтап өлтірген.
Полиция қызметкерлері 41 жастағы тұрғынның баласы қатты жылағаны үшін өлтіргенін анықтады. Сәбиге асүй пышағын бірнеше рет сұққан. Атырау облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев соталды тергеу басталғанын хабарлады.
«Аталған факт бойынша 99-баптың 2-бөлігі 3-тармағына (Кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды өлтіру) сәйкес соталды тергеу басталды. Күдікті ұсталды», - деді ол.
Сурет: ria56.ru