Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылындағы шекара қоршауы алынып тасталды. azh.kz сайтының мәліметінше, бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеген.
Оның айтуынша, бір күн бұрын жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырып, Қиғаш өзенінің бойына орнатылған шекара белгілері алынып тасталды.
"13 және 16 сәуірде жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір мал су ішіп, егін суару үшін өзенге шығу мүмкіндігі қарастырылды. Бұл үшін кедергі жоқ", - деді М.Мурзиев.