Түркістан облысында ауа-райының күрт нашарлауынан Бәйдібек, Отырар, Ордабасы ауданы мен Кентау және Арыс қаласының кейбір елді мекендері жарықсыз қалды.
«Өңірде қалыптасқан қолайсыз ауа райына байланысты түннен бері "Оңтүстік жарық" мекемесінің бригадалары бүлінген желілерді қалпына келтірумен айналысып жатыр. Оған 20-ға жуық бригада, 100-ден астам маман мен 30-дан астам техника жұмылдырылды», – деп хабарлады Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұл жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жіті бақылауында. Мүдделі органдар мен облыс әкімінің қатысуымен жедел штаб құрылды.
Фото: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Басып шығару