Түркістанда төрт бала мен олардың анасының өлімі туралы мәлімет берді.
Оқиға болған жерді тексеру барысында ТЖМ, полиция, газ қызметкері үйдің 3 бөлмелі болғанын, онда ирандық стильдегі пеш орнатылғанын анықтады. Үй табиғи газға қосылған, өрт белгілері анықталған жоқ.
"Тексеру барысында пешке гофрленген бұрма қосылғаны анықталды. Ол пеште жанған қалдықты 1,5 метрде орналасқан қабырғадағы тесік арқылы далаға шығарады. Бұрма 5-7 сантиметр ғана. Күшті жел әсерінен пештегі айналым нашарлаған. Осыдан кейін улы газ үйдің ішіне траған", - деді облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.
Тергеу нәтижесінде жауапты тұлғалардың кінәсі анықталса, заңға сәйкес жауапқа тартылатыны айтылды.
"Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесінде жауапты тұлғалар кінәсі анықталса, заңға сәйкес жауапқа тартылады. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жерлеу рәсіміне Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қатысып жатыр. Жерлеу рәсіміне жұмсалған және басқа да материалдық шығындар толық өтеледі. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан зардап шеккен отбасыға қаржылай көмек көрсетіледі", - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай.
Басып шығару