Парламент Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев Мәжілістің жалпы отырысында министрлікке депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, министрлік Президенттің ауыл шаруашылығы жерлерін экономикалық айналымға енгізудің әдістерін әзірлеу туралы тапсырмасын дұрыс орындамай отыр.
«2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін қазақстандықтарға жеке меншікке беруге және оларды шетелдіктерге жалдауға беру нормаларын қолдануға мораторий жарияланған болатын. Осы мораторий қоғамдағы шиеленісті тоқтатуға мүмкіндік берсе, Үкіметке қоғаммен бірлесе отырып, Жер кодексінің нормаларын егжей-тегжейлі әзірлеп, дайындауға уақыт берді. Мораторийдің аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалғанын, Үкімет тарапынан Жер кодексінің проблемалық мәселелерін шешу мақсатында тиімді жұмыстар атқарылмай жатқанын айтуға мәжбүрмін», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айбек Паяев.
Басып шығару