Бүгін Таразда осы жылдың басында Жамбыл облысында болған қақтығысқа қатысты сот отырысы басталды.
Сот Тараз изоляторында Айдарбек Замбаевтың төрағалымен өтіп жатыр. Ол үшін арнайы бөлме дайындалған. Сондай-ақ, залда 60-қа жуық адвокат бар. Процестің барлық қатысушысы коронавирусты анықтайтын тест тапсырған.
Сот алдында 51 адам адам жауап берді. Олардың 33-і қамауда, 16- бұлтартпау шарасы тағайындалған, ал екі адамнан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынғаны белгілі. 366 адам осы іс бойынша жәбірленуші болып танылды.
Еске салайық, биыл 8 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Екі мыңнан аса адам қатысқан жаппай тәртіпсіздік барысында 11 адам қаза тапты. 168 тұрғын үй мен сауда нысандары, сондай-ақ 100-ден аса көлік қиратылған.
Басып шығару