Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстаннан бірде-бір дүнгеннің көшіп кетпегінін айтты.
«Бүгінде Қордайдағы жағдай тұрақты. Барлық қираған нысандар қалпына келтірілді. Биыл тек бір ғана Қордай ауданына 35 миллиард теңге бөлінді, нәтижесінде 4300 жаңа жұмыс орны ашылды. Қордай аймағындағы көптеген мәселелер шешілді – жол, ауыз су мәселесі. Мысалы, аймақтаы газбен жабдықтау 95 пайызды құрайды, ал биылғы жылдың басында ол 47 пайызды құраған.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары дүнгендер басқа аймаққа көшіп кетті, өйткені бизнесті жалғастыруда кедергілер бар деп жазады. Бұл олай емес. Біз зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, бұл мәселе біздің бақылауымызда. Дүнген ұлтының бірде-бір өкілі Ресейге немесе басқа елге қоныс аударған жоқ», - деді Бердібек Сапарбаев.