Алматы облысының Қарасай ауданындағы ірі құс фабрикасында тауықтардың жаппай қырылуы тіркелді.
Қазірдің өзінде 120 мың құс қырылып қалған. Ветеринарлар зертханалық зерттеулер жүргізіп, оның құс тұмауы екенін растады.
Компания басшылығынан алғашқы дабыл 27 қазан күні келді. Содан кейін кәсіпорын жұмысы дереу тоқтатылған.
Қазақстанға ғана емес, көрші елдерге де өнім ұсынған кәсіпорын карантинге жабылды. Мамандар фабрикада дезинфекция жүргізеді.
Мұнда барлығы 230 адам жұмыс істейді. Олардан денсаулыққа қатысты ешқандай шағым болған жоқ.
Басып шығару