Mazir
14 янв 10:49korilim:1 372 Қоғам

Мектепте туберкулезбен ауыратын мұғалімдер жұмыс істеп жүр ме?

Ақтөбеде бүтін бір елді мекен үрей құшағында отыр. Алға ауданы Бесқоспа ауылының тұрғындары мектептің мұғалімі туберкулезге шалдыққанын жақында білдік дейді. Әрі ұстаздардың індетке шалдыққаны бірінші рет емес. Осыдан үш жыл бұрын мұғалім ауырып, емделіп шыққанын айтты. Осыдан кейін тиісті мекемелер дереу шара қолданбаса, ауылды дерт жайлай ма деп отыр.





Құрт ауруы анықталған мектепте неге карантин жарияланбады? Ауылдың халқы неге мәселелерін домалақ арыз арқылы ғана жеткізуге мәжбүр?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бесқоспа ауылында қазір ауданнан арнайы келген мамандар жүр. Олар індетке шалдыққан мұғалімнің жұмыс орны мен үйін дезинфекцияламақшы.

Ал мектепте сабақ әдеттегідей жалғасып жатыр. Басшылықтың өзі мұғалімнің туберкулезге шалдыққанын желтоқсан айының аяғында біліпті. Жүкті келіншек бұған дейін ауырып жүргенінен өзі де бейхабар болған деп отыр. Туберкулез анықталған соң, мектеп директоры дереу аудандық білім бөліміне хабарлаған. Санитар мамандар келіп мұғалім дәріс оқыған кабинеттерді дезинфекциялапты. Қазір де күніне бірнеше мәрте еденді хлорлы сумен сүріп алып отыратындықтарын айтты. Жауапты мекемелер карантин жариялауға негіз жоқ дегеннен кейін оқу процесін үзбеген.

«Анонимный арызбен хабар келді. Арызда көрсеткен 20 мұғалім бұл мектепте туберкулез деп. Ешқандай жиырма мұғалім емес. Бізде үш мұғалім 6 техқызметкер жаңағы, олардың барлығы басым көпшілігі, тек екеуі соңғы үш жылда ауырған. Қалғандары жиырма жыл, он бес жыл бұрын ауырып, мектепте техқызметкер, біреуі жұмысшы болып істеп жүр», - дейді мектеп директоры Рүстем Қожаниязов.


Соңғы екі-үш жылда туберкулез дерті анықталғандықтан, алты ай сайын мұғалімдері бар,оқушылары бәрі медициналық тексеруден өтіп тұрады екен. Манту екпесі салынып, флюрографиядан өтеді. Мектептің директоры індет таралып кететіндей еш қауіп жоқ деп сендірді. Ал ата-аналар болса, бәрібір алаңдаулы.

«Балам оқиды, конечно алаңдаймын. Жұқпайды деп айтып кетті. Білмеймін,оны енді Алла біледі. Қалай айтып тұрғандарын. Сосын мұғалімдер ауырып жатыр пневмониямен дейді. Оның не екенін, салқын тиген деп жатыр ғой. Дезинфекция жасады дейді, мектепті жауып жасау керек ғой. Ал бұл жақта не жасап жатқанын білмейміз», - дейді Бесқоспа ауылының тұрғыны Нұрлыбек Балымбетов.

«Олардың кемшілігі- айту керек еді халыққа, ескерту керек еді. Енді бізді сендіргеннен кейін сеніп тұрмыз. Қауіп жоқ, алаңдамаңыз дегеннен кейін», - дейді Бесқоспа ауылының тұрғыны Нұрлыбек Балманов.


Ауылдықтар жандайқайына әкім-қаралардың жүрдім бардым қарайтынына алаңдап, аноним хатты облыс басшылығына жолдаған. Үшбу хатта соңғы жиырма жылда мектептің бірнеше мұғалімі мен қызметкері құрт ауруын жұқтырғанын, бұл мәселені жылы жауып қоя берсе, балаларымыздың күні не болмақ депті. Дереу облыстан комиссия келіп, ауылдықтармен кездесу өткізген.

«Облыстық ауруханада ем алып жатыр, жаңдайы жаман емес, зертхананың берген анализі, туберкулез бактерияларының жұқпайтын түрі. Мектепте болған оқушылардың барлығын тексерістен өткіздік. Жұмысшылардың бәрін тексердік, 178 адам, үйінде болған отбасы мүшелерін тексердік, ешқандай туберулезге қатері бар белгі болған жоқ», - дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Ерлан Тәтімов. 


Бесқоспада 80 түтін бар. Мектепте 100 оқушы білім алады. Олардың 15 жасқа дейінгілеріне манту сынамасын салып, жоғары сыныптағыларды флюорографияға түсіріп жатыр. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердегілер ешкімнен оң нәтиже анықталған жоқ деп отыр.



Дереккөз: Zakon.kz

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15