Қазақстанда коронавирус инфекциянсын жұқтырған 1646 науқас анықталды, оның ішінде:
- симптомды тасымалдаушылар - 689,
- симптомсыз тасымалдаушылар - 957.
Барлығы республика бойынша 59 899 жағдай расталды, тәуліктік өсу жақша ішінде көрсетілген:
Атырау облысында - 7928 (+266),
Алматы қаласында - 7591 (+231),
Нұр Сұлтан қаласында -6688 (+123),
Қарағанды облысында - 6244 (+176),
Шымкент қаласында - 4067 (+81),
Батыс Қазақстан облысында - 3990 (+99),
Алматы облысында - 3130 (+34),
Шығыс Қазақстан облысында - 3012 (+100),
Түркістан облысында - 2230 (+10),
Жамбыл облысында - 2189 (+71),
Ақтөбе облысында - 2178 (+63),
Маңғыстау облысында - 2049 (+107),
Павлодар облысында - 1803 (+77),
Қызылорда облысында -1784 (+54),
Солтүстік Қазақстан облысында - 1723 (+70),
Ақмола облысында - 1688 (+35),
Қостанай облысында - 1605 (+49).
Ресми мәліметтерге сәйкес, 33 814 адам коронавирустан айыққан.
13 шілде Қазақстанда коронавирустық пандемия құрбаны болған азаматтарды еске алу күні ұлттық аза күту күні болып жарияланды. Бұл ел тарихындағы тоғызыншы жалпы аза тұту.
Әлемде бір тәулік ішінде коронавирустық инфекциялардың рекордтық толқыны тіркелді. Бір тәулік ішінде 230 370 адам COVID-19 жұқтырып, жалпы есепті 12,5 миллион адамға дейін арттырды.
Басып шығару