Көлік прокуратурасы коронавирус жұқтырған жүргізушінің шектеу шараларына қарамастан Шымкенттен Нұр-Сұлтанға жолаушы тасымалдағанын анықтады.
Әлеуметтік желілерде күшейтілген карантин кезінде қалааралық жолаушылар тасымалын тоқтатпаған жүргізушілер анықталды.
Тексеру барысында ақпарат расталып, Көлік прокуратурасының қызметкерлері автобусты тоқтатқан. Жолаушылар көлігі адамдарды отырғызып, Нұр-Сұлтанды бетке алыпты.
Жүргізушінің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпаратты Бас көлік прокуроры Ерлан Сыбанқұлов растаған. Оның айтуынша, автобус Шымкентке қайтарылған.
Басып шығару