ҚР ІІМ президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында қағаз құжаттардан бас тарту мүмкіндіктерін қарастыру үстінде.
Қазақстандық көлік жүргізушілер алдағы уақытта тек жеке куәлікпен ғана жүруі мүмкін. Электронды құжат рәсімдеу туралы Мәжіліс отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
Министрдің айтуынша, көлік иесі туралы барлық ақпаратты планшет арқылы электронды жүйе арқылы тексеру мүмкіндігі туралы жеткізді.
«Планшеттен басқа ақпараттарды көру үшін төлқұжат қалтада болуы керек. Азаматтар ендігі уақытта бір қалта құжатты емес, тек төлқұжатты ғана алып жүруі керек», - деді ол. Сонымен қатар, ІІМ көшедегі полиция қызметкерлерінің планшеттеріне бақылау камераларын тіркеу арқылы құқық бұзушылық әрекеттерді жылдам анықтауға болатынын айтты.
Министрдің айтуынша, мұндай жүйе тек Еуропаның бірнеше мемлекеттерінде ғана бар. Шетелге көлікпен шығатын болсаңыз, барлық құжаттарды бірге алып жүру керек.
Басып шығару