Маңғыстау облысында жаңа шектеу шаралары 13 шілдеге дейін күшінде болмақ.
Жаңаөзен мен Қарақияда карантин режимі мен бірқатар шектеу шаралары енгізілді.
Жедел штабтың коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі шешіміне сәйкес, карантин режимі және бірқатар шектеу шаралары Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданының аумағында 2020 жылғы 25 маусымда сағат 19.00-ден, 13 шілде таңғы 07:00-ге дейін енгізіледі, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
Атап айтқанда, Рахат, Теңге, Қызылсай, Сенек, Бостан, Құланды, Болашақ ауылдарында карантин режимі енгізіледі.
Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы мен Ақтау арасындағы жолдарға блокпосттар орнатылады.
Басып шығару