Атырау облысының бас санитарлық дәрігері «Теңіз кен орны аумағында қосымша шектеу шараларын енгізу туралы» Қаулыға қол қойды.
Сонымен қатар, қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдың қалыптасуына, сондай-ақ COVID-19 коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты Теңіз кенішінде 2020 жылдың 1 мамырында сағат 00.00-ден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілді.
Осыған байланысты, «Теңізшевройл» ЖШС-не Атырау облысының әкімімен бірлесіп, қызметкерлер саны ескеріліп, COVID-19 белгілері табылуы мүмкін адамдар үшін Теңіз кен орнында 300 орындық уақытша аурухана салу тапсырылды.
Сондай-ақ COVID-19 вирусын жұқтырған науқастармен байланыста болғандарды оқшаулау үшін вахталық ауылда карантин үшін төсектермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қажет.
Теңіз кенішіне рұқсат етілмеген көлік құралдарына кіруге және одан шығуға тыйым салынады.
Түнгі ауысымға шығатындардан басқаларға вахталық ауыл ішінде түнгі сағат 9-дан таңғы сағат 5-ке дейін жүруге тыйым салынады.
Қаулы шыққан күні өз күшіне енеді.
Басып шығару