Ауа-райы болжамы: Қазақстанда күн салқындай ма?

  • 05 июн, 15:14
  • Көрілім: 1 379

Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды.
5 маусымға қараған түні Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында 1-3 градусқа дейін салқын болады.
5 маусымда күндіз Қарағанды ​​облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Найзағай ойнап, түнде бұршақ жауады.
5 маусымда Маңғыстау облысында күн күркірейді.  Күндіз 38 градус ыстық, шаңды дауыл.  Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.  Ақтауда күндіз найзағай ойнайды, кешке солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.
5 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.  Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, секундына 15-20 метр.
5 маусымда, күндіз Қызылорда облысында 40 градусқа қатты ыстық күтіледі.  Солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.
5 маусымда Алматы облысында күн күркірейді, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
6-7 маусымға қараған түні Алматы облысының солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында  1-3 градусқа  дейін салқын күтіледі.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру