ПАВЛОДАР. BAIRAQ.KZ - Таланттылар алаңы. Осындай ерекше атаумен Ақсу қаласының қабырғасындағы «Экоәлем» экотехноорталығының қабырғасында тақырыптық мәдени шара өтті. Бүлдіршіндерге арналған 10-нан астам щеберлік сағаттары бір күнде ұйымдастырылды.
«Экоәлем» лагерінде жазғы демалыстарын көңілді өткізіп жатқан балақайларға арналған «Жазғы кеш» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Жалпы экотехно орталық аумағында 11 қызықты тақырыптық алаңдар жұмыс жасауда.
Жантоты Ақышева, Ақсу қалалық балалар экотехно орталығының басшысы;
Бұл - IT-қозғалыс, роботехника, туризм, өлкетану, шығармашылық, зоо-пати. Сонымен қатар біз асхана арендаторларын да бұл шараға кірістірдік. Олар ұй тағамдарын қалай әзірлеуге болатыны жөнінде шеберлік сағттарын өткізді.
Балалар бір күннің ішінде бірнеше бағыттағы шараларға қатысып, бақ сынауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, аталмыш лагерде жануарлар әлемі жайлы сыр шертетін «ZOO ALEM» зоо саябағы да ашылған. Ал, «Жібек жолы» бірлестігінің алаңында бүлдіршіндер шатыр құруды, табиғат аясында от жағуды үйреніп, суға түскенде не істеу керек, жазық жерлерде қандай әрекеттер жасау керектігін меңгерді.
Ал, «Экоәлем» лагерінің асханасында «Пышка-пампушка» деп аталатын шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Бұл жерде қыз балалар дәмді тоқаштарды пісіруге дағдыланды.
Жантоты Ақышева, Ақсу қалалық балалар экотехно орталығының басшысы;
«Экоәлем» лагеріне жан-жақтан демалушылар келеді. Алыс-жақын шет елдерден келгендер де бар. Атап айтсақ: Новосібір, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласынан, Павлодар, Жезқазған және т.б. Әр тараптан келген балақайларға қарап, біздің орталықтың көрсететін қызметтерінің сапалы, қолайлық екендігін аңғаруға болады. Яғни, білім беру кәсіби түрде жүзеге асырылады.
Бұл жерге демалуға келген балалардың бағы бар. Себебі, демалыс орнындағы қайталанбас сезім, тәрбиешілер мен оқушылардың бір-біріне деген жылы шырайы аталмыш мекенге қайта тартып тұратындай күй кештіреді. Мұндағы балақайлардың жартысынан көбі бірнеше маусым бойы демалуда.
Айжан Бәкібаева, 13 жаста;
Мен «Экоәлем» лагеріне келгеніме өте қауаныштымын. Мен осы лагерде екі сезон бойы демалып жатырмын. Осы лагерде маған қатты ұнайды. Лагерде көңілді әрі қызықты. Тәлімгерлеріміздің өткізетін мастар класстары, қызықты ойындары, джинцевый солнечный вечеринкалары, куэст ойындары маған қатты ұнайды. Асханада беретін тағамдар өте дәмді.
Биылғы жылғы жазғы демалыста лагер ұжымы 360 тан астам баланы қабылдамақ ниетте. Сонымен қатар Ақсу қаласында балалар өнер мектебінде 10 жылдан астам уақыт бойы «Өнер» шығармашылық үйірмесі жұмыс жасайды. Бұл жерде балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік мол. Яғни, баланың ішкі түйсігі нені қалайды, сонымен айналысуға болады. Актерлік шеберлік, ән-күй, ой-өрісті дамыту бағыттары т.б.
Жанар Қалиева, балалар өнер мектебінің басшысы;
Біздің мектепте тәрбиеленетін балалардың болашақтары жарқын. Себебі, олар алдағы мамандықтарын қазірден бастап таңдап жатыр. «Жігітке жетін өнер де аз», - демекші, біздің педагогтер оқушылардың жан-жақты болуын қадағалайды.
Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ.
Басып шығару