Mazir
29 авг 09:01korilim:2 450 Madeniet

Жалтаң қарға

Сырдың бойында, Арал-Қазалы жағында Мырза Тоқтаболатұлы деген күйші өткен. Шал төртқара аталығынан болған соң, ел арасында «Шал Мырза»   атаныпты. 

Біз қасқаң қай тақырыпқа қалам тартпады дейсің? Сегіз жыл оқыған құттыханам – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тамамдайтын 1995 жылы Сыр бойының күйлерінен дипломдық дұмыс жазып, кейін әлгі еңбегімді мүйізі қарағайдай академиктер З. Ахметов, С. Қирабаев, ұстазым Р. Бердібаевтардың көзі тірі кезінде, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми Кеңесінде бекітіп, «Жиделі Байсын күйлері» деген оқу құралына айналдырып едім. Кейінгі 20 жылда Республика бойынша Сыр бойының күйлері тәліптерге осы кітап негізінде үйретіліп, домбырашылар түрлі сайыстарда Сыр бойының күйлерін осы оқу құралы бойынша орындап жүр. Десе де, әңгіме ауаны ол жайында емес, басқада. 

Сол даңғайыр Мырзаның «Жалтаң қарға» деген күйі бар. Кезінде Арал аймағының Қарақұм мәнзілінде жасаған домбырашы Ақжол Кереевтің ақтығы Нұржаубай бауырымыздың орындауында үнтаспаға түсіріп едік. Сол шығарманың көне күннен жеткен вербальдық сыңары – аңызы былайша сыр шертеді. Жалпы, қазақ арасында, әлем халықтарының көне ұғымында қарға жайында тәмсіл көп. Қарға – адамға қойылатын ерекше есім. Құран Кәрімнің «Мәйда» сүресінің баяны бойынша бауыры Әбілді өлтірген алғашқы қылмыскер Қабылға әрекетін бүркеудің жолын көрсеткен. «Қисас-ул-Әнбия» аңызына айтқызсаңыз, Меккеге жасаған сапарында Адамға жолбасшылық жасаған. Кейбір халықтар үшін тотем, татулықтың, сондай-ақ жамандыққа қоса, жақсылықтың да нышаны. Марқұм Есенғали ағама талдатсаңыз «балапаны үшін қай нәрсеге де бас тігуші» қамқор құс. Біз ұсынған аңызға жақыны оның осы бейнесі.

Бір күні, топтанса бүркітіңнің өзіне бас салатын, «туған жерін тастап кетпейтін жалғыз құс» атанған сол қарқылдақ қара қарға жемтігін шоқып жатқан «аппағына» ақыл айтыпты:

– Заман қиындап кетті. Сақтық керек, қай нәрсені де екі шоқып, айналаңа бір қарарсың, – десе керек, аналық пейілмен. 

– Ләббай, тақсыр! Айтқаныңызға құлдық. Шынымен де заманның сиқы жақсы емес. Бірақ біз екі шоқып айналаға бір қарағанша, бір шоқып, екі қарасақ қайтеді, – депті сөзін нығыздаңқырап. Бауыр еті баласының мұншама сұңғыла, сұмдығына қарға да разы болыпты. «Мынау сол, әлгі әккі қарғаның «аппағының» жалтаңдап отырып, жемтігін шоқып жатқаны» деп бебеу қағатын, ұлағатқа толы әлгі күй сарыны. Иә, жемсауы бар тіршілік иесіне жемтік керек.

Ол кезде, осы күйдің өзегіне өрілген астарлы ойды талдаған сонау бозбала шағымда қазіргідей жең ұшынан жалғасқан әлгі бір емі табылмай тұрған нәрсе жоқ, болса да ушыға қоймаған кезі еді-ау. Әйтпесе бұл күйді мүлдем басқа қырынан талдап, түсіндіріп беруші едік.  Қарғаның «аппағы» айтпақшы, шынымен де мына заманы құрымағырың қиындап кетті, жігіттер. Қолына қарға тышқан қазақтарға бұрынғыдай балпаң басып талтаңдарға, жұрттың жайы мынау, жалтаң қарға. Ақ иттің артын иіскеп қара ит, қара иттің ізінде салпаң қаққан сары ит, оның аузын аңдыған сақ ит. Әйтеуір, Алла абырой бермесе, боғыңа дейін шұқылап, арасынан бірдеңе іздеген мың сан «ит». Ал барлық қасиет пен бейқасиеттің жиынтық бейнесіне айналған мифтік бейненің ақтығы – «аппағыңның» отырысы анау, басын ұстап, желке тұсын қасып! 

Берік ЖҮСІПОВ,

Фольклортанушы

Дереккөз: фейсбук

Басып шығару
lasuna where to buy - cheap himcolin sale purchase himcolin online cheap

brand besivance - besifloxacin order sildamax tablet

probenecid 500mg without prescription - order probenecid 500mg sale carbamazepine price

celebrex medication - buy generic celecoxib 100mg buy indomethacin 75mg online

cambia pill - order cambia generic aspirin online order

cost rumalaya - rumalaya price purchase elavil sale

purchase mestinon online cheap - buy azathioprine online order azathioprine 50mg online

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15