Mazir
31 май 16:39korilim:1 390 Madeniet

80 жыл кешіккен жаназа

 


31 МАМЫР ҰЛТТЫҚ АЗА КҮНІ

ОНЫҢ ЖАНАЗАСЫ 80 ЖЫЛДАН СОҢ ОҚЫЛДЫ. ОЛ- МЫРЗА-САДЫҚ ҚҰРБАНОВ.ОЛ - АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ШӘКІРТІ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЙҰЛЫНЫҢ СЫНЫПТАСЫ ЕДІ. ОЛ - АЛАШ АРМИЯСЫНЫҢ ОФИЦЕРІ ЕДІ. ОЛ - ШЫҢЖАҢ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҰСТАЗЫ ЕДІ.ҚАЖЫҚҰМАР ШАБДАНҰЛЫНЫҢ және МЕНІҢ ӘКЕМ АХМЕТБЕКТІҢ МҰҒАЛІМІ ЕДІ.АРАДА 80 ЖЫЛ ӨТКЕНДЕ ОҒАН АРНАЛҒАН АЛҒАШҚЫ ЖЫЙЫН БОЛДЫ. ҮШ ЖАСТА ҚАЛҒАН ҚЫЗЫ ӘКЕСІ ТУРАЛЫ 80 ЖЫЛ ІЗДЕП АҚЫРЫ ТАПТЫ.

Алматыда Алаш арыстарының бірі Мырзасадық Құрбанқажыұлының 125 жылдығына арналған шара өтті. 

Тағлымы терең жиын заманында Алаш оқығандарының  қатарында ұлтына қызмет еткен Тұлғаның 125 жылдығына арналған. Жиналысты алаштанушы Болат Мүрсәлім ашып, жүргізіп отырды. Жиында Мырзасадықтың туған қызы Нәзипа, ғалым-педагог Талғат Мамырұлы, ақын Алмас Ахметбекұлы арнайы сөз алды.

 Белгілі алаштанушы, Алаш Әскері тарихын зерттеуші, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты  Берік Әбдіғалиұлы шараға онлайн қатысып сөз сөйледі. Ол өз сөзінде : "Қазақтың тарихы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Соның ішінде әлі толық зерттеуді күтіп жатқаны Алаш үкіметі және Алаш әскері тарихы.  4-5 жылдан бері  бірталай мұрағаттар ақтарып, Алаш әскері тарихын зерттеп келеміз. «Алаш Әскері»  деген кітап та  шығардық, 1000-ға жуық Алаш әскерінің аты-жөнін анықтадық, соның көбі әлі күнге дейін беймәлім болып келген есімдер. Міне бүгін солардың бірі   Құрбанов Мырзасадық жиын өтіп жатыр. Бұл іс-шара өте маңызды. Кітаптан әкесінің–атасының есімін көріп, қимылға көшкен ұрпақтарына алғыс айтамын. Алаш қайраткерінің артында ұрпағы, іздеушілері тым аз.          

 Алаш әскерінің құрамында болған 700 ден астам  қазақ азаматтарының аты-жөні кітапта жарияланды. Олардың шыққан жерлері Семей, Аягоз, Мақаншы, Үржар, Үшарал, Ақсу, Қапал, Лепсі өңірі екені белгілі болып отыр.  Өкінішке орай, көбінің ұрпақтары, іздеушілері әлі табылмай жатыр.  Сол себептен "Алаш Әскері" кітабын сол өңірлердегі халыққа тегін таратып жатырмыз. Мақсат –Алаш әскерінің қатарында болған сол азаматтардың ұлтының батыры екендігін елге танытайық. Жас ұрпақ олардың ерлігін білсін,  оларды қастер тұтсын деген ізгі тілегіміз болатын. Сондай іс-шара міне Бүгін Мырза-Садық атамызға арналып отыр, Бұл енді  үлкен істің басы ғана, алда әлі терең  зерттеулер мен іс-шаралар күтіп тұр. Алаш офицерінің қызы Нәзипа апамызға алғыс айтамын” - деді Мәжіліс депутаты.

 Осыдан соң, кеш жүргізушісі алаштанушы Болат Мұрсалім Алашорда қайраткерлері Мырза-Садық Құрбанғажыұлы туралы кеңірек мәлімет берді.

 Мырзасадық Құрбанғажыұлы 1896 Тарбағатайда туған.   Оның әкесі Құрбан (Құрман)қажы ХІХ ғасырдағы ірі саяси тұлғалардың бірі болған,   Абай Құнанбайұлымен замандас,әрі аралас -құралас болған кісі . ХХ  ғасырдың басында Тарбағатайдың теріскей бетіндегі ата қонысында  мектеп ашып,  сол ашқан мектебіне Сұлтанмахмұт Торайғыровты шақырып, жаңаша оқыту дәрісін бастайды.  Бәлкім, Сұлтанмахмұттың: «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың кегіне, күн болмағанда кім болам?» деген өлеңі осынау сын сағатта Тарбағатай тауында туған болар деген ой келеді. Бүгінде Тарбағатай ауданының Ақжар елді мекеніне  кіреберісте  Құрбан қажының ( Қоңыз батыр )үлкен мүсіні тұрған саябақ Құрбан қажы атымен аталады. Демек Мырза-Садық өз заманындағы ірі саяси тұлғаның, батырдың ұлы. 

 Жиында сөз кезегін алған 83 жастағы Нәзипа Мырза-Садыққызы әкесіне деген сағынышын тебірене жеткізді:  

– Ол бір зұлмат кезең еді. Әкені баладан, баланы әкеден айырған заман. Тамағыма өксік болып тығылған сағынышты тілмен жеткізу еш мүмкін емес. Ұзақ жылдар бойы әкемді іздеуге мүмкіндігім болмады. Тіпті ол туралы айтуға туыстарының да батылы бармайтын. Өйткені, Алаш арыстары жау саналды. Әкемнің атын еркін айтып, іздеу салуыма тек Тәуелсіздіктен кейін Елге оралған соң ғана қолым жетті.  

 Мен әкем туралы дерек пен  естелік айтқан кісілерге ерекше алғысымды білдіремін. Әрбір ақпарат маған әкем тіріліп келгендей рух сыйлайды. Әкемнің ұлт болашағы үшін жасаған еңбегін соңындағы ұрпақтары, халқы ешқашан ұмытпайты. Болат Мүрсәлімнің кітаптарында әкемнің  суреті берілген, ал Берік Әбдіғалидің «Алаш әскері» еңбегінде есімі, әскери шені, қатысқан жиналысы туралы айқын жазылған. Бұл аса маңызды. Әйтпесе әкем жайлы көркем әдебиетте жазылған, ауызша жеткен аңыз-әңгіме көп қой. 

 Әкеден біз екі қыз қалдық. Әкем 1940 жылы «жиналысқа» кетерінде екі жастағы кенжесі – мені көтеріп, құшағына алып, иіскеп тұрып: «осы жолғымыз қайтпас сапар болады-ау!» депті. Солай болды да. Әкем сол «жиналыстан» қайтпады.

 Әкемнің  жаназасының оқылмағаны, не жетісі, не қырқы, не жылдық асы берілмегені, қайда өліп, қайда қалғаны белгісіздігі өмір бойы менің жаныма  батып келді. Сексен жыл бойы бірде-бір рет ел-жұрты жиылып, аты аңызға айналған арысын   қастерлей алмады, өйткені зар-заман, сұрапыл жылдар бұған мүмкіндік бермеді,  - деген  Нәзипа Мырзасадыққызының  әңгімесі талай жанарларды толқытты, талай жүректі тебірентті. Ол жазықсыз жапа шеккен, қанқұйлы жүйенің құрбаны болған Алаш арысы - әкесінің есімін  ардақтауда Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы қуғын-сүргін құрбандарын түбегейлі ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиядан  көп үміт күтетінін жеткізді.      

 Осыдан соң  баяндамашы, ғалым-педагог Талғат Мамырұлы Мырзасадық Құрбанғажыұлының Қытайға эммиграцияға барғаннан кейінгі өмірбаяны мен қызметі туралы құнды деректермен таныстырды. 

 "Тарихи деректерге сүйенсек, Мырза-Садық Құрбанғажыұлы  әуелі Семейде, соңынан Уфадағы «Ғалия» медресесінде  Мағжан Жұмабаевпен бірге оқыған, екеуі курстас болған. Жалынды да, жігерлі жас жігіт Мырза-Садық сол кездегі саяси-әлеуметтік мәселелерге  де белсене араласып, қазақ ұлтазаттық - Алаш қозалысының алғы шебінде , алаш арыстарының қасында болады. Алаш әскерін ұйымдастыруда офицер ретінде өз үлесін қосады. 1919 жылғы қызылдармен соңғы соғыстарда әскери шені «Фельдфебель» (жоғарғы унтер офицер шені, рота командирінің шаруашылық және ішкі тәртіп бойынша көмекшісі). Болғаны жазылады. 

 Алаш-Кольчак Біріккен  қарулы күштердің құрамында Зайсанда қызыл большевиктерге  қарсы шайқасқа қатысады. Кейін Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын Әлімхан Ермеков бастаған Алаш көсемдері большевиктер  көсемі Ленинмен Мәскеуде табанды келіссөздер жүргізіп, қазақтың мемлекеттік мүдесін аса қайсарлықпен, бұлтартпас дәлелдермен қорғап шығады. Нәтижесінде Алаш автономиясының территориялық негізінде Кеңестік Қазақ социалистік Республикасын құруға уәде береді. Бұл сол кезең үшін алаш ардақтыларының үлкен жеңісі болатын. Осы уағдаластықтан соң Алаш көсемдері стратегиялық шегініске көшіп, қарулы ашық қарсыласудан бас тартып, ұлттық  күрестің жаңа формасына ауысады.  Яғни, ендігі жерде болашақ үшін алаш идеясын, алаш мұратын жаппай халық санасына сіңіру, қазақты жаппай сауаттандыру, білім- ғылымға баулу  сынды мәдени -ағартушылық қозғалыс бағытын таңдайды. Солардың қатарында білімдар, іскер Мырза-Садық Құрбағқажыұлы да  Зайсанда, Семейде  жаңа үкіметтің сот, прокуратура мекемелерінде жауапты  қызметтер атқарады .

 Бірақ, Ленин өлгеннен соң Сталин уағданы бұзып, Алаш қайраткерлеріне  жау ретінде қарап, қуғындауды жаппай жүргізеді. Мырза-Садыққа да қуғын қаупі төнеді. Сөйтіп Алаш қайраткерлерінің бір шоғыры  1924--1933   жылдары мөлшерінде Тарбағатайдың арғы бетіне -Қытайға эмиграцияға кетуге, жансауғалуаға мәжбүр болады. Олардың арасында Шығыстағы елінің атақты болысы, кезінде Рессей думасына депутат болған, Алашорда үкіметінің мүшесі, Санкт-петербург орман шаруашылығы академиясында Әлихан Бөкейханмен , Мұстафа Шоқаймен бірге оқыған Әбдікәрім Ережепұлы бар еді. Сондай-ақ оның күйеу баласы, Санкт-петербург университетінің заң факультетінің түлегі, Алашорда үкіметінің мүшесі, кейін Семей облысының прокуроры, Семей облыстық партия комитеті үгіт-насихат басқармасының бастығы, облыстық кеңес атқару комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарған Ғазиз Нұрмұқамедұлы Қалбанов, Алашорда үкімет мүшелері ағайынды Мәрсековтер, Жәкула болыс Күшіков , Зият Шәкәрімұлы, Ике Әділов , Мырза-Садық Құрбанқажыұлы бар болатын. 

 Алаштың ардақты ұлдары  ол жақтағы қазақ арасына барған соң да,  қол қусырып, тыныш отырған емес. 

 Олардың Шыңжаң қазақтарының арасында, қазақ-қырғыз ұйымын құрып, мәдени -ағарту ісімен белсене шұғылданғанын жұрт жақсы біледі. Саяси және қоғамдық жұмыстарын да жаңа форматта, икемді жүргізіп, Алаш мұратын, Алаш идеясының дәнін  Қытайдағы қазақтар  арасына  себеді. Алаш арманын солай жалғайды. 

 1934 жылы таққа отырғанына көп өтпей   Шынжаң генерал-губернаторы Шың шысай Үрімжіде аз ұлттар құрылтайын  шақырады. Мақсаты Шыңжаңдағы тұрғылықты халықтың бетке ұстар қайраткерлерін өз жағына тартып, сол арқылы өз билігін нығайту, өз саясатын жүргізу болатын. 

 Дегенмен бұл орайды өз ұлтының мүддесіне пайдалануды көздеген Шинжаңдағы озық ойлы қазақ азаматтары Алаш қайраткерлері тобымен Шәріпхан төре Көгедаевтің төңірегіне топтасады. Өлкелік қазақ-қырғыз мәдени-ағарту  ұйышмасын(қоғамын ) құрады. Шәріпхан төренің ұсынысымен өлкелік  қоғамның төрағасы болып, біз айтып отырған Алаш қайраткері Ғазиз Қалбанов сайланады. 

 Сөйтіп, бұл қоғамның аймақтық, аудандық бөлімшелері ашылып, қарқынды жұмыс басталып кетеді. Бұл ұйым бар-жоғы бес-ақ жылда жалпы қазақ қоныстанған аудандарда жиыны 275 мектеп ашылып, жаңаша білім беру мен мәдениет ісі қауырт дамиды. 

 Бүгін біз еске алып отырған Алаш арысы Мырза-Садық Құрбанқажыұлы құлыстай өңіріндегі Дөрбілжін ауданында қазақ-қырғыз ұйышмасын (қоғамын ) құрып ,өзі төрағалық қызмет атқарады.Тарбағатайдың күнгейіндегі бір ғана Құлыстай ойпатында халықтық театр құрып, онда «Ертарғын» мен «Қыз Жібекті» сахналады. Ел ішінде мәдени-ағартуды насихаттап, қысқа ғана  уақытта  17  мектеп ашып, жаңаша оқуды жолға қоюының өзі үлкен ерлік екені сөзсіз. 

 Бұл туралы ресми құжаттарда да, көркем әдебиеттерде де жазылған. Осы деректер қазірде 200 000-ға жуық қазақ тұратын Дөрбілжің, Толы аудандарының мәдени-ағарту шежіресінде де айтылып, кеңінен жазылып жүр. 1938 -1939 жылыдары Алаштың ардақты қайраткері Ғазез Қалбанов өзінің қанды көйлек жолдасы, мұраттас досы  Мырза-Садық Құрбанқажыұлын Үрімжіге шақырып, өзіне орынбасар және өзі бас болып ашқан , Шынжаңдағы қазақ тіліндегі тұңғыш газет  "Тянь шан " (кейінгі "Шинжаң газеті") жауапты редактор етіп тағайындайды. Ағайынды Мәрсековтер, Зият Шәкәрімұлы  және Мұқаш Жәке ұлы, тағы басқа да сол тұстағы озық ойлы зиялы, оқыған  азаматтар сонда топтаса жұмыс жасап, қазақтілді газет-журнал, кітаптар шығару ісімен мықтап айналысады. Олардың тарихи ерлігінің бірі бүкіл баспасөзді Ахмет Байтұрсын алфавитімен жүргізеді және оны жаңғыртып дамытып, Шыңжаң қазағының төл жазуына айналдырады. 

 Өкініштісі , Шыңжаңды билеген милитарист Шың Шысай  бұлардан қорқа бастайды. Сөйтіп ол КСРО қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, Шыңжаңға өткен Алаш қайраткерлері мен қазақ оқығандарын 1940-41  жылы тағы да "құрылтай өткіземін" деген сылтаумен Үрімжіге жинап, бір күнде толығымен түрмеге жауып, із-түзсіз кетіреді. Олардың арасында Әбдікәрім болыс Ережепұлы ,  Ғазез Қалбанов, ағайынды  Райымжан Мәрсековтер, Зият Шәкәрімұлы, Мырза-Садық Құрбанғажыұлы, Ақыт Үлімжіұлы, Бұқат бейсі, Нұртаза үкіртай  сияқты жүздеген көзі ашық, көкірегі ояу ұлт перзенттері хабарсыз кетіп, қайтпай қалды.

 Қазақ жерін, қазақ зиялыларын, қазақ ұлтын  ойрандаған НКВД ұйымдастырған отызыншы жылдардағы бұл қызыл қырғын осылайша Шыңжаң өлкесінде де жалғасты. 

 Алаш қайраткерлері құрбандыққа шалынғанымен олардың қытайдағы қазақ арасына сепкен дәні көгеріп -көктеп, жайқалып өсті. Олар ашқан мектептерден Дулаттың, Абайдың, Мағжанның, Міржақыптың, Ілиястің, Сұлтанмахмұттың өлеңдерін жаттап, Ахметтің, Жүсіпбектің, Бейімбеттің жазғандарвн көріп, Ахмет, Әлихан, Халелдер жасаған оқулықтан оқыған, олардың шәкіттерінен тікелей  білім алған ұрпақ пайда болды. Қазақ топырағының бір қиырында алаштықтар ашқан мәдени ошақтар мен баспасөзден нәр алған, алаш идеясымен қаруланған, “алаш мұратын" ұстанған   шоғыр-шоғыр қазақ жастары өсіп шықты. Сол түлектердің бірі Қажығұмар Шабданұлы Мырза-Садық Құрбанқажыұлын өзінің "Қылмыс " романының бірінші кітабында "Елсадық" деген әдеби кейіпкері етіп алады. Ол ұстазының  ағартушылық еңбегін әдемі суреттеп жазып , ескерткіш соққан , "Қылмыс" атты 6 кітаптан тұратын ғажайып эпопияны мұраға қалдырған. Алаш мұраты үшін 40 ғұмырын түрмеде өткізген Қажығұмар Шабданұлының өзі де аңыз адамға айналды. Қазақстанның халық жазушысы, дарабоз тұлға Қабдеш Жұмаділов, ақын Омарғазы Айтанұлы, Серік Қапшықбайұлы , ғалым-жазушы, профессор Сұлтан Жанболатов, әйгілі математик, профессор Әмір Жалбағаев, қытайдағы қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қалаушылардың бірі, профессор Ахметбек Кірішбаев, Жағда Бабалық, Балқаш Бапин, Қалдыбай Қанапия, Дубек Шалғынбай, Ахметбек Сақбайұлы қатарлы Шығыс Түркістан қозғалысының жүздеген офицері, талай-талай ұстаздар мен  халқына қалтқысыз қызмет еткен қайраткерлер шықты. Бұл біздің айтпақ ойымыздың дәлелі іспетті .        

 Алаш қайраткерлері  жүргізген мәдени-ағартушылық ауқымды жұмыстарның нәтижесінде халықтың көзі ашылып, барынша сауаттанып ,  әлеуметтік ықпалы мейлінше артады , бұл 1944-1945 жылдардығы ұлт азаттық қозғалысқа ұласып, нәтижеде Шығыс Түркістан Республикасының құрылды. 

 Қорыта келгенде, Мырза-Садық Құрбанқажыұлы бастаған алаш қайраткерлерінің Қытайда эмиграцияда жүрген  кезіндегі өмірлері мен саяси-әлеуметтік жұмыстары туралы мұрағат деректері өте тапшы, оңайлықпен қолға түспейді. Оны алдағы уақытта мемлекеттік тұрғыдан қолға алып , тереңдеп зерттеу біздің міндетіміз.

 "Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз " деп ұрандаған , ұлт мұраты жолында жандарын пида қылған алаш қайраткерлерінің арманы бүгін жүзеге асты. Енді оларды ардақтау, халқымен қайта табыстыру, бүгінгі  ұрпақтың қасиетті парызы болып табылады". 

 Біз әкесі Мырза-Садық мектебінен  оқыған Талғат Мамырұлының “Шыңжаңдағы Алаш” тақырыбы аясындағы баяндамасын толығырақ ұсынып отырмыз. 

 Одан соң  белгілі   ақын Алмас Ахметбекұлы шеттегі қазақтардың ұлттық рухын оятқан, Алаш арыстары жаққан сәуле - Азаттық сәулесі, Тәуелсіздік үміті сөнбей, Атажұртқа қайтқан қандастарымызбен  бірге тәуелсіз  Отанына  қайта оралып, әрбір қазақтың  жүрегінде қайта тіріліп, халқымен  мәңгіге маздап жана беретінін айтып тебірене, тебіренте сөйледі. 

 Мырзасадық  Құрманғажыұлының жиен немересі  Жеміскүл Нығыметқызы да, жиында сөз алған басқа  азаматтар да, Алаш арысын ұлықтаған бұл ұйымдастырушыларға өздерінің ізет-ілтипаттарын  білдірді.      

 Кеш соңында Мырза-Садық Құрманғажыұлының рухына ғайып жаназа оқылды. Бұл қасірет-зұлматта ғайып болған Ұлт перезентіне сексен жыл кешігіп оқылған жаназа, сексен жыл кешігіп ашылған жиын еді.

Рая Ескендір

Алмас Ахметбекұлы

Басып шығару
buy lasuna sale - himcolin where to buy buy himcolin no prescription

buy generic besivance - carbocisteine usa order sildamax pills

celecoxib 100mg oral - indomethacin over the counter how to get indocin without a prescription

mebeverine 135mg without prescription - purchase cilostazol order cilostazol 100mg generic

buy generic cambia - aspirin oral purchase aspirin sale

rumalaya price - shallaki pill buy elavil generic

pyridostigmine online - pyridostigmine pills buy imuran 25mg for sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15