Mazir
14 мар 17:38korilim:850 Madeniet

Жалынды жылдар жылнамасы

Жастық шағымыздың жалаугері, албырт кезеңіміздің алаугері кешегі «Лениншіл жас», бүгінгі «Жас Алаш» 100 жылдық тойының төріне  аяқ басты. Өзі жүз жылдық, жолы мың жылдық кезең.
 Дауылпаз Қасымның бір шумағы еске түскені: «Ауыл бардым, шалды көрдім, кеткен асып жасы алпыстан, шал алдында дастархандай, «Социалды Қазақстан». Аға газетті аға толқын жақсы оқыды, оқытты. Ал ауыл мен қаланы, кең байтақ даланы, баба мен баланы, бесік тербеген ананы сөзімен тербеген, айтары мелдеген, жақсыны жаңғыртып, жаманды жерлеген жастар басылымы – «Лениншіл жастың» 100 жылдық тойы – күллі жұртымыздың көзайым тойы, қаракөк мерекесі. Бұл газетті қазір оқытпаса да оқиды.
 Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар дегендей, осынау дүлдүл думанның қарсаңында жастар газетінде қызмет жасап, қалам тербеген әр буын өкілдері ерекше шақтарын эссе-естелік етіп жазып, арғы жақта атойлап, бергі жақта от ойнап, сол сапта болғандардың санасын сан-саққа жүгіртіп, қозғап жатыр. Әлемдік аяқдоп додаларының барлығын сол елдің жасыл алаңында жантайып жатып көріп,  жалындатып хабар жазған Несіп Жүнісбаев «Менің Лениншіл жасым» деген чат ашып, шаттыққа бөлеп тастады. Қазіргі Президентіміздің кеңесшісі, оқыған жасқа дауа бар ма, академик атанып, алашқа ат оздырған Бауыржан Омаров көпшілік телмірген көк жәшіктерге – сайттарға суреттер салып, құйқылжытып жазып, арғы-бергіні қазып, бәріміздің делебемізді қоздырып, мойнымызды создырып және келеді.
 «Өй, несін айтасың, Шұға десе, Шұға еді-ау» деп Биағаң көсілткендей, иә, несін айтасың, «Лениншіл жас» - «Жас Алаш» жастықтың көрігі, өмірдің серігі, жансарайының өрімі, таланттардың телімі еді. Әсіресе, сайыпқыран сардар Сейдахмет Бердіқұловтың басшылық жасаған кезінде біздің толқын жастар газетінің таралымын 300 мыңға жеткізіп, айды аспанға, ақиқатты дастанға жеткізіп еді. Бауыржан атаған «апайтөстердің» тізімін сәл кеңейтіп көрсем: Аян Нысаналин, Ырым Кененбаев, Әшірбек Көпішев, Мағира Қожахметова, Жақау Дәуренбеков, Жанат Елшібеков, Орысбай Әбділдаев, Жарылқап Бейсенбаев, Бақыт Сарбалаев,  Жақыпжан Нұрғожаевтар біздің толқын келе бастағанда, құйысқандарын көтеріп, басқа белестерге бет алған-ды.  Құйрық тістесе, қалам ұстаса келген, «300 мыңдық атанған» біздің толқын, бөлім меңгерушілері: жаухатшы Ерғали Сағат, Несіп Жүнісбаев, Шәкизада Құттыаяқов, Жанболат Аупбаев, Қамбар Керейқұлов, Қасым Әзімханов, Қуаныш Жиенбаев, Саттар Сапарбеков, Нұрлытай Үркімбаева, Ертай Айғалиев, Сапарбай Парманқұлов, Құлбек Ергөбек, Өтеген Оралбаев, жау қуардай «жалаңтөстер» Қали Сәрсенбай, Бауыржан Омаров, Дүрәлі Дүйсебай, Әділ Қойтанов, Оңласын Әмірқұл, Баян Болатханова, Өтеш Қырғызбаев, Қайрат Әлімбеков, Әділбек Ыбырайымұлы,  Гүлзира Пірәлиева, Қыдырбек Рысбек, Дос Қапасов, Қонысбек Ботбаев, Серік Рәсіловтер дуға ду қосып, нуға ну қосып, жастар газетінің аспанын биікке көтерген болатын.
 Осы бір шағын мақала-естелікті жазу үстінде ойым: ананы айт, мынаны жаз деп, ықтыжарға қаратпай, ылдилатып әкетіп барады. Әуелі қартымыз Бағдат Жандос туралы аз-кем анықтамалық сөз: Ол кісі жастар газетінде 51 жыл табан аудармай қызмет жасады, нөмірге баратын фототуындыларға өңдеу, әрлеу жасайтын. Жетім, балалар үйінде тәрбиеленген, Отан соғысына қатысып, жаралы болып, дәм жазып, елге оралған. Өзінің тұрымтайдың ұясындай бөлмесінде үнемі иісі бұрқыраған цейлон шәйін бұрқыратып шығарып, бабына келіп отыратын. Көңілді сәтінде мені шәйға шақырып, қамкөңіл балалық шағы, ерте кеткен ата-аналары туралы айтып, бірде мұңайып, бірде тыңайып отырушы еді. Айтуы бойынша туған жері Маңғыстау өлкесі  не Еділ-Жайық бойы болса керек, тым жас қалған ғой, еміс-еміс біледі.
 Содан сенекке шығып, көк базар жақты қолымен нұсқап: «әне, ана жерде бірнеше арба тұратын, жан-жақтан келген жалба-жұлба киінген қазақтар, соңында аштықтан бұратыла шұбырған балалары қайыр сұрап, қолдарын жайып тұратын, әлі келмегендері жерде жатып, қол созатын. Таңертең милициялар ысқырып, бәрімізді жинап алып, түнде өліп қалғандарды әлгі арбаларға тиетіп, тау жаққа қарай жіберетін. Бейшара балалар жеп-жеңіл, адамның өлімге де көзі үйреніп, бойыңда қорқыныш болмай кетеді екен, соларды арбаның үстіне қалап тиеп, жылап жүріп жөнелтуші едік.
 Ысқырған қызыл жағалылар, ышқынған аштар, қайыр сұраған халық осы жерде улап-шулап жататын. Арасында бөтен ұлт жоқ, тек қана қазақтар. Біз де ашпыз, бұратылып жүріп, арбаны толтырушы едік. Сонан кейін көк базардың ішіне кіріп, әркімге жаутаңдап қарап, бір нәрсе береме деп, дәметуші едік. Сол жерде ет сататын жер бар. Бір күні сонда жақындап едім, қолында балғасы бар бір еңгезердей қазақ етке ұмтылған аштарды жасқап, айқайға басып: «Сендер менің кім екенімді білесіңдер ме, мен мына балғамен Сәкен Сейфуллиннің барлық тістерін опырғанмын, кетіңдер аулақ» деп тұр екен. Осыны айтқанда Бәкеңнің көзінен тарам-тарам жас төмен сырғып, сақалын жуып кететін.
 Бір күні шәйін алып, кабинетіме келді. Бұл шамасы, 85-ші жылдың жазы болса керек. «Өтеген, біздің буын жасырып, «Америка даусын», «Азаттық» радиосын тыңдайды, жақында таңғы төртте сол радио сенің өлеңдеріңді жарты сағат бойы оқыды. Арал тағдыры, жер тағдыры жөніндегі өлеңдерің тым ашық екен, оқыған Германда тұратын Алтынхан Өмір деген жігіт. (Кейін Алтынхан Өмір Алматыға келіп, Фариза апамның бөлмесінде танысып, тағы бір топ өлеңімді ала кеткен. Көп ұзатпай «Азаттық» радиосынан оқыпты, оны маған сол күні редакциямызға келген Шерхан Мұртаза ағам айтып беріп, мені құшақтап құттықтап еді). Байқап жүр, тым ашыла берме, әлдеқалай заман болса, арамыздан да салпаңқұлақ шығады, көпті көрдім ғой, күдігім болғасын айтып отырмын» деді. (Өмір көрген адам ғой, айтқаны келді, 86-шы жылғы дүрбелеңде біраз қысылуға, қысыла жүріп ысылуға тура келді).
 Ашаршылық туралы сөз болса Бәкеңнің сол айтқандары ойыма келеді де тұрады. Қынадай қырған аштықты, қолдан жасалған зұлматты да жасырып жабуға тырысқан заман өтсе де, әлі де өлгендердің санын азайтып, «сабырға» шақырып, саяси қырағылық танытуға бейімдеушілік бар. Аштан өлгендердің аруақтарының алдында ақиқатты да әлі күнге дейін ашық айта алмай, жер шұқып, жербауырлап келеміз. Қорқақтық па, жалтақтық па, тарихи сананың балаңдығы ма, әйтуір Смағұл Елубайдан басқа батырып айтып, батыл жазып жүргеніміз шамалы. Бағдат Жандосов ақсақал осыны өз көзімен көрген тірі куәгер еді. Енді куәгерлер азайып, дуагерлер көбейді.
 Бәкең соғысқа қатысқан. Панфилов двизиясының жауынгері.  Бірақ майданда ұзақ болмаған. Бар болғаны он сегізге жаңа толған, аштықтың дерті бойын алып кетіп, бәкене болып, шынжау боп қалған балаң жігітті әскер басшысы аяған болар, алғы шепке жібермей, байланысшы, пошта тасушы етіп қойыпты. «Қыстың күні, жер тегіс қар. Дорбамды арқалап келе жатыр едім, бір жау самолеті үстіме келіп қалды. Ал қашайын,  ол да ойнағысы келді ме, қуып келіп, қол пулеметтен бұрқырата оқ жаудырды. Былай қашсам, айналып келіп былай атады, олай қашсам, оралып келіп тағы атады. Бір кезде аяқ жағымнан бұрқ еткізіп бір атты да, ұзап кете барды. Аяғым сынып, шырқырап мен қалдым. 
Содан өз аяғымды өзім орап, жан шақырдым. Айналама қарасам, бұрын картоп еккен жер екен. Содан түртінектеп жүріп, қалған-құтқан картопты тауып, отқа қақтап жеп отыр едім, дүсірлеген аттылар келіп қалды. Ат үстіндегі өткір көзді қазақ командир жай-күйімді анықтап, атың кім деп сұрады. Айттым. «Елге қайтасың, аман қаласың, бала» деп шауып кете барды. Соғыс аяқталғасын, шамасы отыз жылдай уақыт өткен кез еді, бір жиылыста Баукеңді – Бауыржан Момышұлын көріп, дауыстап сәлем бердім. «Аман қалған екенсің ғой, Бағдат» деп атымды атап, саңқ ете қалғанда, не болғанымды білмей кеттім. Не деген жады, адам айтса сенгісіз ғой, міне Баукең ұлы адам емес деп кім айтады?
 Бәкең тірі тарих еді. Кезінде Мұхаң – Мұхтар Әуезовпен де таныс-біліс болған. Фотоларын әрлеген, өңдеген. Сол кезеңде адал достар болған Жұбан Молдағалиев, Кемел Тоқаев, Бүркіт Ысқақов туралы да талай сырды шерткен еді. Бүркіт достыққа адал, сабырлы азамат қой, ЕСЕП (Елін Сүйген Ерлер Партиясы) партиясына кіріп, халық жауы деп ұсталып, көп қиындық көрді, бірақ ешкімді сатпады, мәрт екен деп риза болатын. Жұбанның алғырлығын, ұлтжандылығын, Кемелдің кең мінезін тамсана айтып, үлгі ететін.
 Әдебиет және өнер бөлімін басқаратын кезім, жайлап басып, «Қалқам, Өтеген» деп Бүркіт ағам келеді. Сәл жымия тұрып, өлеңдерін ұсынады. Сақтанатын болар, жан-жағына қарағыштап тұрады. Бәкеңнің кепілдігі бар адам, сырттай симпатиям қалыптасқан,  өлеңдерін тоқтатпай жариялауға жіберемін. Жұрт құсап телефон соғып жатпайды, жымия басып, редакцияға аяқтай келіп, рахметін айтып кетеді. Жуастау көрінетін адамның ішкі қайсарлығына тәнті болушы едім. Сөз арасында айтылды демесін, анау Арқаның Ақсу – Аюлысында жатқан қаламгер Кәмел Жүністегі де осы топтың тізіміне ілініп, итжеккенде 18 жыл жүріп қайтқан.  Оның көңіл қоржынында да көптеген тілі шешілмеген қазына жатыр, алар адам да, іздер іні де ат ізін салып жатқан жоқ.
Бәкеңнің тағы бірде айтқаны: «Жұмысқа сол күні ертелеу келіп, баспалдақпен  көтеріліп келе жатыр едім, Мұхаң – Мұхтар Әуезов суыт келе жатыр екен. Суыт дегенім, баспалдақтың екі аттамын бір басып келеді. Сәлем бердім, «Жамал өзінде ме?» деді асығыс. Бастай жөнелдім. Жамал апай – Баукеңнің жары, Бақытжанның анасы. Машбюрода терімші. Орнында екен. «Жамал, мынаны тездеп басып, Жұбанға бер» деді қолындағы қағазын ашып. Қарасам, араб әліппесімен, төте жазумен жазылған, шамасы 4-5 беттей сөз. Жамал апай бұл әліпбимен де баса беретін.  Тез теріп, Жұбанға кіргізді.
Сол кезде Ғылым Академиясында күнде жиын, айқай-шу айтыс. Жиналыс төрағасы Сәбең – Сәбит Мұқанов. Сөзді бастап, залды жасқап отырады. Бәрімізді жоғары жақтың пәрмені бойынша сол жерге иіріп алып барады. Зал толады. Содан Мұхаңды мүйіздеу басталады. Мұхаң төменде, залдың бірінші қатарында түнеріп отырады. Жақ ашпайды, таласпайды. Жұрттар бірінен соң бірі шығып, талап жатады. Бір кезде Сәбең: «Мұхтар, не айтасың, жауап бер сынға» дегенде Мұхаң орнынан тұрып, залға бас иіп ишара жасап, ләм деместен залдан шығып кетеді. Мына әкелгені сол сындарға жауап мақаласы екен. Жұбан да ер ғой, (« Лениншіл жастың» редакторының орынбасары кезі) Мұхаңның сол жазғанын өз мойнына алып, газетте жариялап жіберді. Сол үшін өзі де біраз қыспақ көрді, бірақ өкінген жоқ, қайсарлық танытты. Ер емес пе!  Ол кезде Мұхаңнан көбі сырт айналып, қашатын еді. Жұбанның сол мінезі мына желтоқсанда көрінді ғой, азаматым-ай, аман болсын» деп Бәкең цейлон шәйін қайыра демдей бастайтын. 
Демек, әңгіме әлі жалағасады. Содан кейін Жұбанның Тәшкенде жүрген атақты әнші Роза Бағланованы Алматыға қайтарған еңбегін айтып және бір соны сүрлеуге түсетін. Отты суретші Орал Таңсықбаевтың талайлы тағдыры, қазақтан пана таппай, өзбек асқан жағдайы туралы,  Мұхаңның оған қамқорлығы  жөнінде және бір тарам тағылымы кететін.  Қайран, Бәкең, осындай ағалар біздің өмір мектебіміздің ұстаздары болатын.
«Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» деп Қасым ақын жазғандай, дүркіреп жастық  та өтті біздерден. Бәкеңнің жасына келдік. Сейдахмет ағаның өмірден өткен алпыс жасынан да ұзадық. Әлі есте, жаңғырып желтоқсан келді. Ар бораны да, қар бораны да соқты. Соның ең ауыр майданы Сейдахмет Бердіқұловтың жүрегінен өтті. Жолбарыс мінезді жігіт қой, жығылмады. Ағысқа қарсы жүзіп, қайрат көрсетті. Әкесі 58-ші баппен сотталып, келмеске кетсе де, сол әкеден қалған намыс оты оның жүрегінде лаулап жанды. Оның басына тиген қамшы, біздің арқамызға тиді. Бірақ өмір көрігінің тезіне түссек те, Секеңе деген сенімімізге селкеу түскен жоқ. Менімен ашық сырласып, ағамдай қараушы еді. Талай сыры ішінде кеткен болар, бірақ ұлтына деген ұраны әрқашан атойлап тұратын. Әлемнің қай түкпірінде жүрген қазаққа ұқсаған біреуді көрсе, ізіне түсіп, індетіп, таппай, таптырмай қоймайтын. Спорт әлемінің жұлдыздарын жіпке тізгенде, үнемі қазақ осындай болса ғой деген арманын ішке бүккен емес. Бірақ қазақ деп жүрсе де қағыста қалды.
 Бұған дейін қазақ даласында 300-ден астам көтеріліс болып, барлығы қантөгіспен, қазақтың қанға бөгуімен аяқталып отырған. Бұл – ащы тарихымыз. Тұщы тарихымыз – осы күнге біздің, бүгінгі ұрпақтың жеткені. Желтоқсан туралы айтқанда мен үнемі осы тар кезең, тағдырлы шақта ұлт үшін бастарын бәйгеге тіккен, көзім көрген үш арысты арнайы айта кетемін. Біріншісі – Мәскеуден келген айғыр топ, айқұлақ төрелер Соломенцев пен Разумовский, көлгір Колбин мен жергілікті жандайшаптар қатысқан, 1986 жылғы 20 желтоқсан күнгі Қазақстан комсомолының кеңейтілген бюросында болған талқылауда халқын қасқая тұрып қорғап сөйлеген «Лениншіл жас» газетінің редакторы Сейдахмет Бердіқұлов. 
Бюроны сол кездегі Алматы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Шулико жүргізіп отырған. Сол Шулико: «Әй, Бердіқұлов, отыр орныңа!» деп сұқ саусағын безегенде, «Әй, Шулико, тарт саусағыңды, осындай сұқ саусақ бізді осы күнге жеткізді» деп таймай, тайсалмай сөйлеген оқиғаны қазір анығын білместер әрсаққа жүгіртіп, баян сөздің бояуын кетіріп барады. Жағдайдың ушығып кету мүмкіндігін түсінген Колбин күлмеңдеп: «мына жазушының атын білмеймін, бірақ пікіріне құлақ түрейік» деп жақауратқан.
 Бірде Секең маған: «Өтеген, осылардың бәрін кезінде өзің көріп, куә болдың ғой, айтатын уақыт келеді, ұмытып кетпе, айтарыңды сонда ашық айтарсың» деп еді. Әлі толық айта алмай жүрмін бе, әлім жеткенше айтып та жүрмін, құлақ аз, құлық тапшы болып тұр ғой. Секең туралы кітап жазса да аздық етер. Қалам ұстаған, алдын көрген азаматтар бар ғой, шүкір, жазар әлі, жазармыз. Тәуелсіздік бойымызды да, ойымызды да тіктеді ғой. 
Тағы бір жайт жарқ етіп ойға түсіп, жүректі қозғап кеткені. Мен жастар газетіне 1976 жылдың қыркүйек айының ортасында келдім. Ол кездегі 29-шы қазан комсомолдың туған күні, қып-қызыл мереке. Арнаулы нөмір шығарамыз. Оның алғашқы беті де опаға боянып, қызарып тұрады. Редактордың орынбасары, білімдар азамат Сағат Әшімбаев арнаулы санға жауапты. Сол маған шұғыл тапсырма беріп, осы нөмірдің алғысөзін жазуды жүктеді. Жаңадан келген кезім, жүрексінсем де, жазуға отырдым. Жаздым, қол қойылып, қызыл бетке ұзатылды. Ертесіне Сағат аға асығыс шақырды. «Оқыдың ба?» деп газетті алдыма жайып салды. Түсінбей жатырмын. «Мына жерде октябрь революциясы барлық халықтардың теңсіздігін орнатты» деп кетіпті, байқамадың ба, әлде» деп сынай қарады. Шыны керек, бөтен ойым болған жоқ, ондай сөзді ол кезде айта алмаушы едік қой, қорқып кеттім. Әзір жоғары жақтан хабар жоқ, байқамай жатқан болар, ешкімге тіс жарма, ақырын күтейік, алда-жалда біліп жатса, екеуіміз қол ұстасып бірге кететін шығармыз жұмыстан» деді жүзі алабұртып. Құдай қаққан болар, ешкім байқамай қалды, әлде байқамаған болды ма екен? Газет тігіндісін қараймын деген жанға сілтеме: «Лениншіл жас», 1976 жылғы 29-шы қазан».
Сөз басына қайта оралайын. Қазіргі таңда Бауыржан Омаров бауырым жастар газетінің тарихын дендеп жазып, жақсы көрсетіп келеді. Осы Бауыржанның да «Лениншіл жасқа» келгені әлі көз алдымда. Сыр бойының сылыңғыр құрағындай желпең, сөз дегенде елпең, көзілдірігі көркем ол ұжымға бірден бойлап кетті. Ол кезде жастар газеті мерекелік күндерде бір қабырғаны алып түсетін қабырға газетін шығарады. Баспасөз үйінің 9 қабатындағы қалам ұстағандар да келіп, қаздың балапандарындай қатар тұрып, қабырға газетіне көз қадайды.
 Сондай бір кезекті нөмірді шығарғалы жатқанбыз. Жігіттер дайын болды дегесін келіп қарасам, оның сауыр жағында қос алақандай жер бостау қалыпты. Қасымда тұрған жігіттердің біреуінің қолындағы жасыл фломастрын  алып әлгі бос жерге: «Өзі ақын, өзі сондай өнерлі, айт дегенде қоя берер өлеңді, аты мықты, затын уақыт көрсетер, «Ленжастың» Бауыржаны бар енді» деп экспромт шумақ жазып тастадым. Аузыма Алла сөз салған шығар, Бауыржан аты да , заты да мықты азамат болып шықты. Ақорданың төрінде  ақыл айтып отырған жайы бар. Жастар газетінің ұстаханасынан жүзі алаулап шыққан осындай жігіттер қазір талай жерде тайқазанның құлақтарын ұстап отыр. Төрде отырса да, ағаларын көргенде жерде отырғандай сыпайы. Қолын созып, құрақ ұшып тұрады. Тектілік қаннан да, жақсы жаннан да, ойы терең ортадан жұғады екен-ау. Сондықтан жастар газетінің жасыл дипломы әлі жүрегіміздің төрінде тұр.
«Түгел сөздің түбі бір, түпкі атасы Майқы би» дегендей, бүгінгі сөздің түп атасы ғасыр жасаған жап-жас газеттің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен күндерге лирикалық шегініс жасаудан туындады. Жастықтың өзі – тұнық лирика ғой, жарқылдай бер, «Жас Алаш!» Қаламың қартаймасын, қазынаң ортаймасын!

Өтеген  ОРАЛБАЙҰЛЫ,
Мемлекеттік  сыйлықтың  лауреаты

Басып шығару
lasuna order - himcolin over the counter purchase himcolin pills

probenecid ca - probenecid oral brand tegretol 400mg

celecoxib 100mg generic - celebrex price indomethacin 50mg over the counter

order voltaren 50mg - voltaren online buy generic aspirin

order rumalaya online - endep 50mg pill elavil online

buy pyridostigmine 60 mg for sale - buy generic azathioprine buy azathioprine pills for sale

diclofenac over the counter - cheap generic voveran cheap nimodipine pills

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15