Mazir
30 апр 21:38korilim:741 Madeniet

Қазақ әліпбиінің болашағы нақтыланды

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті, Ғылым комитеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен жария талқылауға (ашық нормативтік құқытық актілер порталы, egov.kz) ұсынылған «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті жарлығының жобасына байланысты 2021 жылдың 30 сәуір күні «ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ЖАҢА ӘЛІПБИ» атты онлайн форматтағы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 Конференция әліпби реформасының барысын қалың көпшілік, сарапшы қауымға таныстыру, жүзеге асыру барысын талқылау, талдау, түсіндіру, тиімді шешімдерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

 Ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринова қатысып сөз сөйледі.

Іс-шараны Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба жүргізіп отырды.

Конференцияда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Алдаш Айман Мырзалықызы «Әліпби жобалары: салыстырмалы талдау», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Күдеринова Құралай Бимолдақызы «Жаңа әліпбидегі и мен у әріптері», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., Сейітбекова Айнұр Аташбекқызы «Жаңа әліпбидегі кірме сөздердің жазылуы», А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор   «Ономастикалық атаулардың жазылуы» тақырыптарында ғылыми баяндамалар жасады. Конференцияға қатысушылар осы баяндамалар мен жалпы әліпби нұсқасы бойынша өзара пікір алмасты.

Іс-шара барысында конференцияға қатысушылардан блиц-сауалнама алынып, нәтижесі шығарылды. Оған жасы жағынан әрқилы, сонымен бірге әртүрлі әлеуметтік мәртебеге ие 473 адам қатысқанына қарасмастан, «Жетілдірілген әліпбиге көзқарасыңыз?» деген сауалға 61,5 пайызы қолдап бір кісідей қызу қолдау білдірді. Жалпы мұндай ынтымақтастықты көзқарас конференция барысында айқын салтанат құрды деуге болады. Пікірталасқа түскендердің дені ұсынылған жобаға сыни ұсыныстан гөрі, өз кәсіби ойларын ортаға ашық сала отырып: «Заңдық тұрғыдан қабылдаудың осы күнге дейін созылып келе жатқаны несі?» деген сауал төңірегінде топтасты.

Бұдан әрі әліпби жобасының әдіснамалық тұрғыдағы ерекшеліктері мен артықшылықтары, оқу-жазу дағдысына ыңғайлығы және ІТ-технологиялардағы қолданылу мүмкіндіктері жөнінде сөз болды. Осы бағыт бойынша «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтының әдіскері Мәдиева Айсұлу Талғарбекқызы, «Жас Ұлан» оқушылар үйінің әдіскер-педагогі Қасымбек Айсұлу Асылханқызы, Техникалық сүйемелдеу тобының мүшесі, ІТ-маманы Рымбек Ізғали, Мұхтар Сеңгірбай сияқты кәсіби мамандар сөйлеп, әліпбидің осы нұсқасының тиімділігін атап өтті.

 Онлайн конференцияға мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, филологтар мен тілтанушы-ғалымдар, ЖОО оқытушылары, зерттеушілер, баспа қызметкерлері, қазақ тілі мен әдебиеті және басқа пәндердің мұғалімдері, студенттер, магистранттар мен докторанттар, БАҚ, әлеуметтік медиа өкілдері қатысты. Ордалы пікір мен оңтайлы тәжірибені ұштастырған республикалық онлайн ісшара үш сағатқа жуық уақытқа созылды. 

Модератор Әділбек Қаба күн тәртібіндегі мәселе бойынша ой білдіремін деушілерге еркін мінбер ұсынды. Әрі айшықты ойдың бәрі сол жердегі аудитория көлемімен шектелмей, арнаулы әлеуметтік желілер арқылы қалың көпшілік назарына берілді. 

 Салиқалы ой қозғаған республикалық ғылыми конференция қорытындысында қатысушылар талқыланған әліпби жобасын бір кісідей қолдады.

 Жалпы халықтық   талқылаудан өткен әліби жобасы Ұлттық коммисия отырысына ұсынылады 


Басып шығару
lasuna drug - buy himcolin generic buy generic himcolin online

besifloxacin uk - buy cheap generic carbocysteine sildamax for sale

probenecid 500 mg cost - benemid 500 mg price tegretol 200mg sale

colospa 135mg cost - purchase pletal online cheap pletal 100mg canada

diclofenac 100mg sale - order diclofenac online aspirin 75mg brand

order generic rumalaya - rumalaya generic endep uk

order pyridostigmine online - buy imitrex 25mg pills order azathioprine 25mg online cheap

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15