Mazir
12 окт 11:35korilim:1 217 Madeniet

Латын графикасына негізделген әзербайжан әліпбиі мен емлесі және тіл туралы заңы мен бағдарламасы


Түркі халықтарының ішінде тәуелсіздік ала салысымен латын графикасына көшкен ең бірінші ел – Әзербайжан. 1991 жылы апостроф белгісіне негізделген әліпби қабылданған, алайда ол кейіннен бірнеше рет жетілдіріліп, қазіргі таңда 32 таңбадан тұратын апострофсыз нұсқа қолданыста:   
Кестеден көріп тұрғанымыздай, мынадай диакритикалық белгілер алынған: 
2 умлаут: sürüşkən – тайғақ, güləyən – күлкі, gündüzkü – күндізгі, bənövşəyi – күлгін, gümüşü – күміс; böyük – үлкен, gözəl – әдемі, göz – көз, кöməkçi – көмекші;
2 седиль: şəhərli – қалалық, küçə – көше, uşaqlar – балалар, daş – тас, yumşaq – жұмсақ, çanta – cөмке, çörək – нан, çay – шай; 
1 бревис:  yağ – май, oğlan – жас жігіт, oğul – ұлağac – ағаш, ağız – ауыз, sağliq – денсаулық,  – ақ, ağıl – ақыл.
Әліпби құрамындағы Xх таңбасы ағылшын тілінен енген сөздерді емес араб, парсы және орыс тілінен енген сөздер үшін алыныпты және Һ таңбасы да әліпби құрамына енгізілген: kolxoz – колхоз, xanım – ханым, xidməd – әскер, хala – тәте, хalat – халат, xəstəxana – аурухана, xəyal – арман, xalq – халық, hərf – әріпhakim – судья, həyət – аула, həkim – дәрігер, həftə – апта, halı – кілем т.б.   Сс таңбасы да ағылшын тілінен енген сөздерді жазу үшін алынбаған: cib – қалтacabav – жауап, can – жан, gec – кеш, gece – түн т.б. Ал ц дыбысына Ss алынған: aseton (ацетон), dosent (доцент), konsert (концерт), lisey (лицей), aksiya (акция), sement (цемент), sirk (цирк) т.б.
Азербайжан тілінде ең көп қолданылатын дыбыстың бірі – Әә. Оның дыбыстық мәнін дәл айқындау үшін әліпби құрамына Әә таңбасын енгізген: mənim – менің, dəmirki – ұста, nənə – апа, əl – қол, ət – ет, əsəb – жүйке т.б. 
Әзербайжан ғалымдарымен кездесу барысында (19-20 желтоқсан, 2019 ж.) Әзербайжан Ұлттық Ғылым Академиясы Насими атындағы Тіл білімі институты «Социолингвистика және тіл саясаты» бөлімінің басшысы, профессор Майыл Биннат оғлы Аскеров латын графикасына негізделген емле түзу барысындағы ең көп өзгеріс кірме сөздер емлесінде болғандығын айтады. «Терминология» бөлімінің басшысы, доктор Саялы Садықова шеттілдік сөздердің басым бөлігі   әзербайжан тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес жазылатынын, яғни ұлттық әуезбен таңбалау басым орын алғанын атап өтті. Мәселен: büro (бюро), jüri (жюри), karbürator (карбюратор), kompüter (компьютер),   paraşüt (парашют), süjet (сюжет), fakültə (факультет), vağzal (вокзал), musiqi (музыка), aptek (аптека), çek (шек), mağaza (магазин),ansambl (ансамбль), albom (альбом), film (фильм), folklor (фольклор), valyuta (валюта), bülleten (бюллетень) т.б. 
Насими институтының директоры, доктор Мохсун Нагисоғлұ азербайжан емлесінде араб, парсы сөздерінен енген лексикалардың басым бөлігі түпнұсқаға жақын таңбаланатынын, сондықтан олардағы қайталама дыбыстардың қазіргі емеледе де сақталғанын атап өтті.  Мысалы: Allah (Алла), müəllim (мұғалім), əlifba (әліппе), məscid (мешіт), alimi (ғалым) т.б. Жалпы сөз ортасындағы кездесетін қайталама дыбыстар біршама сөздерде сақталған: kassa (касса), cərrak (хирург), rəhhərlik (басшылық), səviyyə (деңгей), müəssisə (өндіріс), mütəxəssis (маман), kollektiv (ұжым), professor (профессор), Odessa, Məhəmməd т.б.
Насими институтының ғалым хатшысы, доктор Айнель Анварқызы әліпби қабылдауда диграф түркі тілдеріне жарамсыз болатындығын айта отырып, диграфты әліпби «тіл үшін катастрофа» деген пікірін білдірді.  
Әзербайжандардың соңғы емле ережесі 2019 жылдың 16 сәуірінде бекітілгендіктен, 2013 жылы шыққан «Орфографиялық сөздіктері» қайта өңделіп, толықтырылып баспаға тапсырылыпты.  
Әзербайжан ғалымдарының айтуынша, латынға тез көшуге себеп болған басты фактор –  ұлттық әліпби қабылдау және сол әліпбиге негізделген азербайжан емлесін түзу, әрі бауырлас түрік елімен БАҚ, теледидар, сауда  арқылы орныққан мәдени қарым-қатынас қолайлы жазуға көшуге түрткі болған. Сонымен қатар, әлемдік сауда, экономикалық қатынастар үшін де латын графикасының тиімділігі әсер еткен. Жалпы әзербайжан елінде тәуелсіздік алғаннан кейін латын графикасын қабылдауда әртүрлі қиындықтар кездескенімен, латын әліпбиі орыс тілін ығыстырып, әзербайжан тілінің мәртебесін жоғарылатқан, ұлттық жаңа жазу мәдениетін қалыптастырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барынша кеңейткен. 
Тәуелсіздік алғаннан кейін Әзербайжанда латынға көшу жұмыстарын жүзеге асыратын арнайы комиссия құрылып, 1991 жылы латыннегізді жаңа әліпби жобасы үкіметте бекітілген. 1992 жылдан бастап азербайжан тіліндегі мектептер латын графикасына көшіп, орыс мектептері кириллицада қалады. Бұл үрдіс, яғни орыс мектептерінің кирил әліпбиінде оқуы күні бүгінге дейін сақталып отыр. 
Азербайжан тілінің қазіргі қолданыстағы емлесіне бірқатар толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, 2019 жылғы 16 сәуірде «Әзербайжан тілінің орфографиялық нормалары» деген атпен Азербайжан Республикасы министрлер кабинетінің №174 қарарымен бекітілген екен.  Қарарға Премьер-министр Новруз Мәммәдов қол қойған (Azərbaycan dilinin Orfoqrafiya Normaları. Azərbaycan Respublikasının nazirlər kabineti, QƏRAR №174, Bakı şəhəri, 16 aprel 2019-cu il). Бекітілген соңғы емле ережелері 10 тараудан тұрады. Атап айтқанда:
І тарау. Әзербайжан төл сөздерінің орфографиясы. Бұл тарау 5 тармақтан тұрады. 
ІІ тару. Кірме сөздердегі дауысты дыбыстардың жазылуы. Бұл тарау 9 тармақтан тұрады. 
ІІІ тарау. Кірме сөздердегі дауыссыз дыбыстардың жазылуы. Бұл тарау 14 тармақтан тұрады.
ІV тарау. Қосақталған және жұптасқан сөздердің жазылуы. Бұл тарау 10 тармақтан тұрады. 
V тарау. Қосымшалардың жазылуы.  Бұл тарау 11 тармақтан тұрады. 
VІ тарау. Күрделі сөздердің жазылуы. Бұл тарау 13 тармақтан тұрады. 
VІІ тарау. Көмекші сөздердің жазылуы. Бұл тарау 9 тармақтан тұрады. 
VІІІ тарау. Бас әріптің жазылуы. Бұл тарау 15 тармақтан тұрады. 
ІХ тарау. Қысқарған сөздердің жазылуы. Бұл тарау 5 тармақтан тұрады.  
Х тарау. Тасымалдың жазылуы. Бұл тарау 5 тармақтан тұрады.
Әзербайжан ғалымдарының айтуынша, «Тіл туралы заң» 2002 жылдың 30 қыркүйегінде сол кездегі Президент Гейдар Алиевтің №365 Жарлығымен бекітілген (Dövlət dili haqqında Azərbaycan Respublikasının Qanunu Heydər Əliyev, Azərbaycan Respublikasının Prezidenti Bakı şəhəri, 30 sentyabr 2002-ci il). Тіл туралы заңның «Мемлекеттік тілдің құқықтық мәртебесі» деген 1-ші бабының:
 1.1. тармағында: «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тілі - Азербайжан Республикасы Конституциясының 21-бабының 1-бөлігіне сәйкес әзербайжан тілі. Мемлекеттік тілді білу Азербайжан Республикасының әрбір азаматының міндеті»;
1.2. тармағында: «Әзербайжан тілі Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық, ғылыми және мәдени өмірінің барлық саласында қолданылады»;
1.4. тармағында: «Әзербайжан Республикасында мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, мемлекеттік органдарда, саяси партияларда, үкіметтік емес ұйымдарда (қоғамдық бірлестіктер мен қорлар), сауда ұйымдарында, басқа заңды тұлғаларда, олардың өкілдіктері мен филиалдарында, кеңселерінде мемлекеттік тілді қолдану жөніндегі іс-шаралар мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізеді», - деп айқын көрсетілген. 
Тіл туралы заңның «Ресми рәсімдерде мемлекеттік тілді дамыту» деген 4-ші бабының:
4.1. тармағында:  «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік органдары өткізетін барлық ресми рәсімдер мен іс-шаралар Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тілінде өткізіледі», - деп жазылған. 
Әзербайжандардың «Тіл туралы заңындағы» осындай тармақтар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын барынша кеңейткен. 
Сонымен қатар Әзербайжанда 2013 жылғы 9 сәуірде Президент Ильхам Әлиевтің  Жарлығымен арнайы «Жаһандану және тіл білімінің дамуы жағдайында әзербайжан тілін қолдану жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген («Azərbaycan dilinin qloballaşma şəraitində zamanın tələblərinə uyğun istifadəsinə və ölkədə dilçiliyin inkişafına dair Dövlət Proqramı» nın təsdiq edilməsi haqqında. Azərbaycan respublikası prezidentinin sərəncamı. İlham Əliyev, Azərbaycan Respublikasının Prezidenti, Bakı şəhəri, 9 aprel 2013-cü il,   № 2837). Бағдарламада жаһандану жағдайындағы әзербайжан тілінің мүмкіндіктерін және  дамуын қамтамасыз етуге бағытталған  төмендегідей бұйрық шыққан:
1. «Жаһандану жағдайында әзербайжан тілін қолдану және елдегі тіл білімін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бекітілсін.
2. Әзербайжан Республикасының Министрлер Кабинетіне осы бұйрықтың 1-бөлігімен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және іске асыру кезінде тиісті ұйымдармен жұмысты үйлестіру тапсырылсын.
Әзербайжан Республикасының Президентіне жылына бір рет осы Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы нақты ақпарат ұсынылып отырады екен. 
Бұл қабылданған мемелекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
- Әзербайжан тілінің жаһандануы және елдегі тілдік дамудың дамуы жағдайында электрондық тілді дамыту, сақтау, кеңейту;
- Лингвистердің заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды құруға қатысуын қамтамасыз ету;
- Тілдің дамуын және әдеби тіл нормаларының сақталуын қамтамасыз ететін заңнамалық базаны жетілдіру;
- Тіл мен сөйлеу мәдениетін жетілдіру. 
Бұл мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясына және Әзербайжан Республикасының басқа да ғылыми мекемелері мен университеттеріне іргелі және қолданбалы зерттеулерге басымдық беріліп, қаржы аударылып отырады. Осы бағдарлама аясында білікті лингвистер даярлауды жетілдіру міндеті қойылған. Сонымен қатар бағдарламаның 4-ші тармағында: «Әзербайжан тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту, білім беру, сөздік қорын байыту, грамматикалық құрылымды қорғау, сөздердің қалыптасуы мен сөйлеу мәдениетін бақылауды күшейту саласында кешенді шараларды жүзеге асыру» тапсырмасы жүктелген.  Осы 4-ші тармақта әзербайжан тілінің дұрыс қолданысына қатысты нақты міндеттер айқын көрсетілген : 
4.1.10. Тілдің дамуын және әдеби тіл нормаларының сақталуын қамтамасыз ететін заңнамалық базаны жетілдіру;
4.1.11. Баспасөз, теледидар және радиоарналарда, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде әдеби тіл нормаларының бұзылуын болдырмау тетіктерін анықтау;
4.1.12. Ғылыми, көркем және публицистикалық шығармаларды түпнұсқадан аудару саласындағы, сондай-ақ фильм дубляжындағы кемшіліктерді жою бойынша шараларды анықтау;
4.1.13. Жарнамаларда, плакаттар мен хабарландыруларда әдеби тіл нормаларын бұзудың алдын алу жолдарын анықтау;
4.1.14. Әзербайжан тілін үйренетін және шетел тілін үйренгісі келетін азаматтар үшін оқу-әдістемелік кешендердің қарқынды дайындалуын қамтамасыз ету;
4.1.15. Әзербайжан тілін дұрыс қолдану икемділігін қамтамасыз ету үшін тиісті интернет-ресурстарды құру;
4.1.16. Әзербайжан тіліндегі интернет-ресурстарды, электронды және интерактивті оқулықтарды құру бойынша жұмыс.
Қорыта айтқанда, әзербайжан ғалымдарымен сұхбаттасу барысында түйгеніміз, мемлекеттік тілдің барлық  саладағы қолданысын қадағалап отыратын арнайы орталық құрылған және ол орталық мониторинг жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырады, оны Президент тікелей қадағалайды екен. Осының арқасында, қазіргі таңда, әзербайжан тілінің мемлекетік тіл ретіндегі мәртебесі де, статусы да өте жоғары. 
Гүлфар Мамырбек  
Назым Жұмаханова 
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық 
ғылыми-практикалық орталығы
Басып шығару
lasuna for sale online - lasuna sale buy himcolin pills

cost besivance - besifloxacin medication sildamax online buy

buy celecoxib 100mg without prescription - buy flavoxate online cheap indocin where to buy

purchase voltaren without prescription - cheap aspirin 75mg purchase aspirin pills

rumalaya sale - elavil online elavil 50mg pills

pyridostigmine 60 mg pills - order generic imuran 25mg order imuran 50mg without prescription

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15