Mazir
31 окт 15:25korilim:951 Madeniet

«Жарнама тіліндегі терминдер қолданысы»


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 4 қарашада «Жарнама тіліндегі терминдер қолданысы» тақырыбында республикалық әдістемелік онлайн семинар өтеді. 
Онлайн-семинардың мақсаты – жарнама терминдерінің қолданыс аясын кеңейту жолдары, бизнес, қоғаммен байланыс, жарнама құралы терминдеріне балама табу т.б. өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсыну. Қазақ тіліндегі салалық терминдердің қолданыс аясын кеңейту  терминологияның басты міндеті болып табылады. Ол үшін салалар бойынша терминдер баламасын, аудармасын терминжасам тәсілдеріне сәйкес ұсыну, оны ұтымды қолданысқа енгізу аса маңызды. Семинар барысында сараптамадан оң пікірге ие болған терминдерді Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссиясына  мақұлдауға ұсыну семинар талқылауының өзегі болмақ. 
Іс-шара пікірталас, сұрақ-жауап түрінде ұйымдастырылады. 
Шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңдоценті, филология ғылымдарының кандидаты Кенже КүркебаевА.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Амангелді Шурентаев, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Балгенже Қарағұлова «Тұран» университетінің аға оқытушысы (Алматы), менеджмент магистрі Жарылқап Жарылқасын қатысады.
Семинар барысын сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық ZOOM платформасы арқылы көре алады. Бұдан басқа баяндамашыларға сұрақ қойып, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, талқылауға мүмкіндігі бар.
Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.
Байланыс телефондары: факс: 8 (7172) 408397
тел: 8 (7172) 273042
ұялы: 87016752660
е-mail: info@tilqazyna.kz
Өтетін мерзімі: 2020 жылғы 4 қараша
Басталу уақыты: 10:00
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран 7/а, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ конференц-залы.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15