2020 жылдың 29 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен
«Терминологиялық сөздіктер: сараптау және сапасын арттыру мәселесі» атты әдістемелік онлайн семинар өтеді.
Салалық терминологияны дамытуда ескерілетін қазіргі қазақ терминологиясының өзекті мәселелерінің бірі - терминологиялық сөздіктер.
Ғылыми қауым үшін қазіргі шығып жатқан және осы уақытқа дейін шығарылған терминологиялық сөздіктердің төңірегінде өзекті мәселелердің бары айқын. Атап айтқанда, сөздіктердегі терминдердің көбісінің шеттілдік термин қалпында берілуі, қазақ тілінің заңдылығына сәйкес игерілмеуі және т.б.Сондықтан да шығарылып жатқан терминологиялық сөздіктердің сапасын арттыру өзекті мәселе болып табылады.
Онлайн-семинардың мақсаты – терминологиялық сөздіктердің қолданыс аясын кеңейту жолдары, терминологиялық сөздік құрылымындағы жүйелілік, терминдердің сөздік құрылымында дұрыс берілуі, кірме терминдердің сөздіктерде берілуіндегі қиындықтар т.б. өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ұсыну.
Онлайн-семинарға филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сәрсенбай Құлманов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ақбота Қоңырова, педагогика ғылымдарының магистрі, терминші Серік Ерғали қатысады.
Іс-шараны сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық termincom.kz сайтының ютубтағы каналынан және zoom бағдарламасы арқылы көре алады. Қатысушылар онлайн режімде баяндамашыларға сұрақтарын қойып, тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып талқылай алады.
Тел.: 8 (7172) 27-30-42, 8(702)3840277е-mail: orazgul-astana@mail.ru
Басып шығару