Mazir
29 май 12:37korilim:867 Madeniet

Терминдер бүгін: ұлт тілі және заман сабақтастығы әдістемелік онлайн-семинар


2020 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ақпараттық технология терминдерінің бүгіні: ұлт тілі және заман сабақтастығы» атты онлайн семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – жаһандану жағдайында қазақтың ғылыми тілін дамыту үшін ақпараттық технология терминдерінің ұлттық үлгісін жасау, жетілдіру, жүйелеу мәселелерін талқылау және шеттілдік терминдерді игерудегі сәтті тәжірибемен бөлісу.
Алматы энергетика және байланыс универсиететінің доценті А.Шайқұлова өз баяндамасында ақпараттық технология саласында терминдік қорды жетілдіру және тәжірибеде қолдану мәселелеріне тоқтала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық комиссия бекіткен терминдердің кең қолданыс тауып жатқаны да, бекітілген қалпында еш қолданысқа енбей қалғаны да бар екенін атап өтті. Қолданыс таппаудың себебін бекітілген терминдерді насихаттап, түсіндіру жұмысының өз деңгейінде болмауынан, қазақ тілінің үндесім заңына бағынбаған не қазақ сөз табиғатына бейімделмеген жасанды терминдердің орын алуынан екенін баяндады. Сондай-ақ баяндамашы ақпараттық технология саласындағы терминдік қордан орын алуы мүмкін бірқатар терминді ұсынды. 
Батыс Қазақстан инновациялық университетінің доценті А.Абдулманов ұлттық тіл негізінде компьютер терминдерінің үлес салмағының төмен деңгейде болуының бір себебі қазақ тіліндегі ұтымды жасалған терминдердің (мысалы, тінтуір (мышка), сақтағыш (флешка), бума (папка), пернетақта (клавиатура)) өзін күнделікті тілімізде жиі қолданылмайтындығынан дей отырып, ақпараттық технология саласының терминологиялық өрісі орыс тілі мен қоса ағылшын тілімен етене байланысып жатқандықтан, салалық терминологияны дамытудың жаңа, өзгеше тәсілдерін ойластыру қажеттігін атап өтті.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Ғ.Шойбекова ақпараттық технология терминдерін тілімізге енгізерде, тілтанушы ғалымдар мен сала мамандарының пікірімен санасып, тұрақтап қалатын терминдер қалыптастыруға басымдық беру керектігіне тоқталды.
Сондай-ақ семинарда сала мамандары мен жұртшылыққа әдістемелік жағынан қолдау көрсету көзделді.
Іс-шараны сала мамандары, филологтар мен жоғары оқу орнының студенттері, жалпы жұртшылық www.termincom.kz сайтының YouTube каналынан көре алады.
Басып шығару
order lasuna for sale - lasuna online buy himcolin medication

neurontin 800mg uk - order azulfidine order sulfasalazine 500 mg without prescription

buy celecoxib pills for sale - cheap generic flavoxate purchase indocin online cheap

voltaren 100mg generic - aspirin 75 mg usa aspirin online order

purchase rumalaya generic - order elavil pill elavil without prescription

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15