Mazir
15 июн 14:50korilim:1 668 Madeniet

Балалар бәйгесі мәреге жетті


Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай әлеуметтік желілерде ұйымдастырған «Балалар жүрекпен үн қатады» атты байқауы өз мәресіне жетті. 
Байқаудың негізгі мақсаты – тұғырлы ана тіліміздің құдіретін таныту; барша қазақстандықтарды біріктіруші фактор ретіндегі рөлін насихаттау;  қазақ тілінің сұлу әуезділігін паш ету, көркем де айшықты түрде бейнелеу; жас ұрпақтың бойында өз туған тілі үшін мақтаныш сезімін ояту.
Сондай-ақ, балаларды туған тіліне деген құрмет сезіміне баулу, ұлттық нышандарымыз арқылы ұлтжанды тұлға тәрбиелеуге ықпал етуді басты назарда ұстады.
Байқаудың шарты бойынша, 7-12 жас аралығындағы балалар ғана қатысуға мүмкіндік алып, екі шумақтан, он екі жолдан аспайтын шығарма оқуға міндетті болды.
Тақырыптың маңызын жұдырықтай жүрегімен ынтамен қабылдаған жас өркен ыстық ықыласын танытып, жоғары белсенділікпен қатысты. 
Кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен бәйгеден үміткер бүлдіршіндер 4-12 маусым аралығында әлеуметтік желідегі өз парақшасында бейнебаян жариялады.
Қазылар алқасы осы орайдағы жұмыстарды жан-жақты сараптап, байқау шартының бұзылмауын қатаң қадағалап отырды.
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының орынбасары, Қазылар алқасының төрағасы Айдос Әбдіхалық: «Көзі қарақты оқырман бір аптадан астам уақыт бұлақтың сылдырына құлақ түріп, бала тұлпардың тұяқ дүбіріне қанықты деуге әбден болады. Туған тілі туралы жыр маржандарын теріп алып, көздері жалт-жұлт етіп жан-тәнімен беріле оқыған жас талапкер көңіліңді өсіреді. Тақырып таңдауы, оны игеріп, көрерменге жеткізе білуі – биік талғам мен сөз жауһарын жүрекпен ұғатындықтарынан хабар береді. Диплом тағайындар кезде әр құлыншақтың бір-бір ерекшелігін баса көрсетуге тырыстық».  
Сан мыңдаған оқырман белсенді қатысушылардың аяқ алысына мейлінше қолдау білдіріп, бөлісіп отырды. Балғын таланттардың бәрінде дерлік жүзге жуық жүрек лүпілі мен ақ бата тілеген ақжолтай тілек жүр. Бұдан байқаудың ел арасында үлкен қозғалыс тудырғанын аңдау қиын емес. 
Нәтиже төмендегіше:
Ержан Әдемі, 8 жаста, Дихан Әбілев, «Туған тілім».Нұр-Сұлтан қаласыДиплом
Бас жүлде
Арнұр Сағатбек, 6-сынып оқушысы, Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым».Алматы қаласыДиплом
І орын
Тоқтамұрат Бекболат Бижанұлы, 7 жаста, «Мен бақытты баламын».Нұр-Сұлтан қаласыДиплом
ІІ орын
Нұрислам Болатұлы, Мұқағали Мақатаев, «Үш бақытым».Қызылорда қаласыДиплом
ІІ орын
Жақсыбек Инабат Тлеуханқызы, 9 жаста, Мұқағали Мақатаев, «Үш бақытым».Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, М.Шаханов атындағы мектепДиплом
ІІІ орын
Нағашбек Әйгерім Рысмаханқызы, 9 жаста, Б.Тәжібаев, «Туған жер»Шымкент қаласы Фурқат атындағы №37 мектепДиплом
«Мәнерлеп оқу» аталымы
Қамза Санжар Рақымжанұлы, 9 жасар, «Туған жерге тірек болу – ерге сын».Түркістан облысы, Түлкібас ауданы,     С. Сейфуллин атындағы орта мектепДиплом
«Тақырып тағылымы» аталымы
Жасұлан Аянат, Мағжан Жұмабаев, «Қазақ тілі».Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылдық округінің «Еңбекші» бөлімше кітапханасының оқырманыДиплом
«Сезім мөлдірлігі» аталымы
Амангелді Айару Ақылбекқызы, Мағжан Жұмабаев, «Қазақ тілі».Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылдық Хаби Халиуллин атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы
Диплом
«Тақырып тереңдігі» аталымы
Құлманов Әлішер Ермекұлы, «Әлемнің күн көзіндей...»Қызылорда қаласыДиплом
«Жалынды жігер» аталымы
Жәнібек Әли Қанатұлы, Қадыр Мырза Әли, «Ана тілің – арың бұл».Өскемен қаласы әкімдігі арнаулы орта мектебінің 4 сынып оқушысыДиплом
«Қайрат қайнары» аталымы
Демес Жанерке Шалхарқызы, «Елтаңба».Қызылорда қаласы «Инабат иірімі» аталымы
Жұмаділ Дінмұхаммед, 8 жаста, Несіпбек Айтұлы, «Ана тілім».Қызылорда қаласыДиплом 
«Бала тұлпар» аталымы
Тортаев Ержан Мақсұтұлы, 11 жаста, «Шыр етіп дүниеге мен келгенде».Алматы облысы, Ақсу ауданы, І.Жансүгіров атындағы ауылДиплом
«Әдемі әрлеу» аталымы
Теміржан Гүлназ Ержанқызы, Мұзафар Әлімбаев, «Ана тілім».Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылдық Хаби Халиуллин атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысыДиплом
«Бұлақ сылдыры» аталымы

«Туған тіл – тұғырың», барша жүлдегерлерді жүрекжарды қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15