«Қазатомпромның» экс-басшысы Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты. Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Семей қалаларынан жиналған бірнеше белсенді оны түрме қақпасынан күтіп алған. Ал туыстары ішке енді.
«Ол жас, ақылды, сауатты адам, әлі мемлекет үшін жұмыс істей алады. Қазір оның денсаулығы нашар. Бұл – қайғылы жағдай. Халықтың талап-тілегі орындалды», - деді Семей қаласының тұрғыны Рауза Исенова.
Жиналғандар дүркін-дүркін «Мұхтар жасасын!», «Алға, Қазақстан!» деп айғайлап тұрды.
3-наурыз күні ШҚО соты «Қазатомпромның» экс-басшысы Мұхтар Жәкішевті уақытынан бұрын босатуға шешім қабылдаған еді.
Басып шығару