Семей қаласының №2 соты Мұхтар Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен босату туралы үшінші өтінішін қанағаттандырды. Ол мерзімінен 3 жыл 2 ай бұрын шығады. Шешімді сот төрағасы Жаннат Әбенова шығарды.
"Бұл мәселе соттың құзырында. Мен, әрине, Жәкішевтің денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен босату туралы бірнеше мәрте өтініш жасағанын білемін. 3 наурызда сот отырысы өтеді. Сот шешімін күтейік, шешімнің әділ боларына сенімдімін", – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев бір сұхбатында.
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының экс басшысы 2009 жылы ұсталып, коррупциялық қылмыстар жасады деген айыппен 14 жылға қамалған болатын.
2018 жылғы қарашада және 2019 жылғы шілдеде Жәкішев шартты түрде мерзімінен босату туралы Семей қаласының №2 сотына өтініш білдірді. Алайда бұл екі ретте де сот оның келтірген залалдың (99,6 млрд теңге) орнын толтырмағанын ескеріп, өтінішін қанағаттандырмаған болатын.
Басып шығару