Қазақстандағы кез келген концертте фонограмма ескертілуі тиіс. Бұл жаңашылдықты заңдастыратын ұсыныс Мәжілісте аталды.
Аталған норманы қазіргі мәдениет туралы заңға енгізбек.
«Жұмыс тобы құрылды. Заң ән орындаушының көрерменге фонограмма қолданатынын ескертуін қадағалайды. Бұл заң көрерменнің таңдау құқығын таптамас үшін қажет. Сондай-ақ, аталған өзгеріс билет құнына да айтарлықтай әсер етпек. Мен фонограммамен ән айтатындардың концертіне қымбат билет алмас едім», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер мәселесі департаментінің директоры Күмәс Сеитова.
Оның айтуынша, аталмыш құқық әлемнің бірқатар мемлекеттерінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар, фонограмма қолданған жағдайда, кез келген әнші оны ескертуі тиіс.
«Заң Қазақстан аймағында салтанат құрмақ. Бұл норма әлі қабылданған жоқ, дегенмен, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Басқа мемлекеттік органдардан килігу болған жоқ», - деді Сеитова.
Норма орындаушыларға ғана емес, сондай-ақ музыкалық аспаптардың дауысын пайдаланатындарға да қатысты.
Басып шығару