Белгілі адвокат Жангелді Сүлейменов Алматы аудандарының бірінде орнатылғалы жатқа адам түрін танитын камераларды сынап тастады.
Оның айтуынша, Заңға сәйкес кез келген азамат өзінің жеке өміріне өзгелерді араластырмауға, қол сұққызбауға құқылы.
«Біздің құқығымыз шектелуі мүмкін, бірақ бұл үшін арнайы заң немесе норма қабылдануы керек. Мен қазір Полиция департаменті немесе кәсіпкерлер тарапынан ешқандай норма көріп отырған жоқпын», - дейді заңгер.
Айта кетелік, адамның түрін танитын Qamqor жүйесін Алматыда ішкерілендіруге 10-қаңтардағы меморандумнан кейін шешім қабылданған еді. Жасанды аналитикалық интеллектті пайдаланудағы басты мақсат – адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті сақтау.
«Заң да, басқа да дайындамады. Егер қазір бұл Алматыда қолданысқа енсе, базаға кімдердің қолы жетеді, кімдер басқарады?! Әлгі кәсіпкерлер біздің жүрген-тұрғанымызды аңдып отырады ма?! Бұл шектен шығу ғой», - деп күйінді адвокат.
Ал әкімшіліктер бұл жүйенің түбегейлі орнатылмағанын, тек адамдардың қауіпсіздігін сақтауда талқыланып жатқан көп жобалардың бірі екенін айтады.
Qamqor жүйесі Медеу ауданында, «Көк базар» маңында орнатылмақ. «Ақылды камералар» адамдардың түрін танып, көліктердің нөмірін тіркеп, күдікті адамдар мен қалып қойған заттарды қадағалап отырады.
Басып шығару