Жыл басынан бері елімізде 909 көлік ұрланып, 775-і табылған. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов ведомствоның онлайн брифингісінде хабарлайды.
«Ең жиі ұрланатын көліктерге келсе, бұл жерде «Toyota», «Lexus» көліктері жиі ұрланатынын айтуға болады. Биыл 60-тас астам көлікке іздеу жарияланды. Оның 85 %-ы табылып, иелеріне қайтарылды», - деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, ТМД елдерінің арасында ұрланған көліктерді бір-біріне қайтару бойынша тығыз байланыс бар.
«Бірлескен жұмыстардың арқасында кейінгі 5 жылда ТМД елдерінан Қазақстанда ұрланған 50-ден астам автокөлік табылды.
Ал біздің елден Достастық мемлекеттерінің аумағында ұрланған 200-ге жуық автокөлік іздестірілді.
Жыл басынан бері 909 көлік ұрланса, олардың 775-і табылып, заңды иелеріне қайтарылды.
Осындай қылмыстарды жасаған 19 қылмыстық топ ұсталды. Қазір олардың халықаралық байланыстары тексеріліп жатыр», - деді жедел уәкіл.
Басып шығару