Mazir
26 июл 12:49korilim:290 Қоғам

Бас прокуратура қырғыз музыканты Викрам Рузахуновты Қазақстанға шақырды

Бас прокуратура қырғыз музыканты Викрам Рузахуновтың Қазақстанға келуі туралы келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 10 ақпанынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті қырғыз джазмені Викрам Рузахуновқа қатысты азаптауды қолдану дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған азаптаулар») бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

19 ақпанда Рузахуновты тергеу органы жәбірленуші деп таныды. 

«Қазір іс бойынша Алматы қаласы, Алматы облысы Полиция департаменті, ҰҚК ШҚ қызметкерлері мен медицина қызметкерлерінен жауап алынды, алайда бірқатар себепке байланысты күдіктілерді анықтау әзірге мүмкін емес (бейнежазбалар, келушілер мен жеткізілген адамдарды тіркеу журналдары жоқ, барлық қызметкер бетперде киген, оның ішінде медициналық бетперде кигендер де болған)», - деді Бас прокуратура өкілдері.

Сондай-ақ, облыстық Полиция департаментінен Рузахуновтың оқиғасына қатысы бар барлық қызметкердің суреті талап етілгені белгілі болды. 

«Рузахунов қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін бірнеше рет тергеу органына шақырылды. Қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ете отырып, елге келуі туралы келіссөз жүргізіліп жатыр», - деді Қазақстанның Бас прокуратурасы өкілдері.

Соталды тергеу жалғасып жатыр және Алматы облысы прокуратурасының бақылауында. 

Еске салайық, 7 қаңтарда Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде музыкант Алматы облысында ұсталған болатын. Ол Қырғызстанға бет алған. Рузахуновтың өкінетінін айтып, кешірім сұраған видосы тарады. Бостандыққа шыққаннан кейін Викрам Рузахунов қысым мен соққыға жығылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, салдарынан ол ауыр дене жарақатын алған, бұл сараптама қорытындысымен дәлелденген.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15