Тальго пойызындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен жәбірленуші сотталушының туыстарынан 15 миллион теңге талап етеді.
Сотталушының туыстары блогер Тәңірберген Бердоңғарға сұхбат бергеннен кейін жәбірленуші қылмыстық сотқа талап арыз берді. Туыстары сот отырысы кезінде жәбірленуші олардан ақша талап еткенін айтты.
Жәбірленуші әйел мұны өзіне жабылған жала деп санайды.
Сонымен қатар, зорлық-зомбылық құрбаны болған әйел сұхбатты алып тастауды және оны толықтай теріске шығаруды талап етеді.
Естерәіңізге сала кетейік, 2018 жылы Тальго пойызында жолсеріктер 35 жастағы әйелді зорлағандығы белгілі болды. Оларды алдымен екі жарым жылға бас бостандығынан айырды, бірақ көпшіліктің наразылығынан кейін жаза бес жылға ұзартылған болатын. Сот үкімінен кейін сотталушылардың туыстары блогер Тәңірберген Бердоңғар сұхбат берген болатын, ол кейін сынға ұшырады.
Басып шығару