Қазақстанда төрт жаңа колония салынады. Бұл туралы ҚР Праламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
«Жаңа колониялар салу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында үлкен жоба дайындап жатырмыз. Үш жылдың ішінде үш облыста төрт жаңа колония салуды жоспарлап отырмыз», – деді Ішкі істер министрі.
Оның айтуынша, бұл 1,5 мың орынға есептелген заманауи үлгідегі колониялар болмақ. Тұрғымбаев жаңа колонияларда қоғам мен халықаралық ұйымдар талап ететін барлық нормалар сақталатынын баса айтты.
«Қоғам мен халықаралық ұйымдар талап ететін барлық нормалар сақталады», – деді Тұрғымбаев.