Mazir
01 фев 09:51korilim:738 Sayasat / Қоғам

Тұрғымбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады: «Дереу хабарлаңыздар!»


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қазақстандық азаматтарға үндеу жолдап, ағымдағы жылдың 1-ақпанынан бастап «102» мобильді қосымшасының іске қосылғанын мәлімдеді. 
«Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылдың басынан бастап министрлік ішкі істер органдарын жаңғырту жұмыстарын бастады.
"Елдегі қазіргі жағдай құқық қорғау органдарына жаңа талаптар қояды, олар азаматтардың сұраныстарына жауап беруі керек" деп атап өткен ел Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында полиция реформасы бойынша нақты міндеттер қойды.
Министрлік алдында тұрған міндеттердің бірі - заманауи, технологиялық, азаматтардың сеніміне ие ішкі істер органдары жүйесін құру болып табылады.
Бүгін "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында біз ресми түрде азаматтарға ыңғайлы жаңа сервис - "102" мобильді қосымшасын іске қосамыз.
Ақпараттық технологиялардың қазіргі даму деңгейінде кез-келген ақпарат найзағайдың жылдамдығындай тез тарайды. Біз полицияның азаматтардың хабарламаларына ден қоюы да осындай тез болғанын қалаймыз.
Тәулік сайын полицияның жедел басқару орталықтарының операторлары 102-арнасына келіп түскен 10 мыңға жуық хабарламаға жауап береді.
Сонымен бірге, оқиға туралы ақпарат полицияға емес, әлеуметтік желілерге жіберілетін жағдайлар да кездеседі. Әдетте, әртүрлі оқиғалардың куәгерлері фотосуреттерді немесе видеоларды өз парақшаларына салады немесе танымал пабликтерге жібереді.
Бұл оқиғаларды біздің мамандар әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтайды. Бұл ретте полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмысты "ізін суытпай" ашу үшін пайдалануына қажет болатын қымбат уақыт жоғалады.
Сондықтан полиция қызметкерлеріне оқиғалар мен азаматтардың хабарламаларына жедел жауап беруге мүмкіндік беретін арнайы қызмет жасау идеясы пайда болды.
Ішкі істер министрлігінің "102" мобильді қосымшасы оқиға орнынан қысқа хабарлама, сондай-ақ фото, видео жіберуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, бейне қоңыраулар жасауға болады. Бұл ретте қоңырау шалушының орналасқан жері анықталады, ал ЖБО операторлары не болып жатқанын көріп, дереу тиісті ден қою шараларын қабылдай алады.
Қосымша арқылы сыбайлас жемқорлық, полиция қызметкері тарапынан жасалған бопсалау фактісіне тап болған жағдайда, ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік қызметіне де жүгінуге болады.
Біз қосымшаның көмегімен және біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында полицияның жедел әрекет етуі, қылмыстарды ашудағы тиімділік артады және көптеген құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады деп күтеміз.
Егер өзіңіздің немесе өзгенің қауіпсіздігіне немесе өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас адамның рөлге отырғанын көрсеңіз, зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз, жануарларға қатыгездік жасалып жатқанын көрсеңіз, күдікті адамды байқасаңыз, дереу хабарлаңыз.
Тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана біз құқық бұзушылыққа төзбейтін және қауіпсіз қоғам құрамыз».
Басып шығару
lasuna tablets - order diarex generic buy himcolin tablets

besivance over the counter - carbocysteine drug sildamax oral

probenecid 500 mg oral - benemid 500mg brand tegretol 200mg for sale

order celecoxib 100mg pills - order flavoxate sale buy generic indomethacin 75mg

buy diclofenac 100mg online - buy generic aspirin online aspirin 75 mg drug

cheap rumalaya generic - shallaki for sale order amitriptyline generic

order pyridostigmine 60mg online cheap - imitrex 50mg oral order azathioprine pills

purchase diclofenac generic - purchase voveran online cheap nimotop brand

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15