Көкшетау қаласындағы бес қабатты тұрғын үйде газ балоны жарылды.
Оқиға 12 қазан күні «Көктем» шағын аудандағы бес қабатты тұрғын үйде болған. Нәтижесінде гипсокартонның пәтераралық қабырғалары опырылып түскен.
– Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, үш адам эвакуацияланды, оның екеуі бала. Екі адам оқиға орнында медициналық көмек сұрап, ауруханаға жатқызылды. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық, – деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.