Бүгін Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласында бір қабатты үйден өрт шығып, салдарынан газ баллоны жарылған. Төтенше жағдай нәтижесінде тоғыз адам жарақат алды. Олардың үшеуі балалар.
Өрт жалпы 90 шаршы метр жерді шарпыған. Жарылыс салдарынан үйдің қабырғалары құлап қалған. Оқиға орнында бірден өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өрт сағат 12.29-да толықтай сөндірілді.
Ведомство өкілінің мәлімдеуінше, жарылыс салдарынан жарақат алып, ауруханаға барлығы 9 адам жеткізілді. Оның ішінде 3 бала зардап шеккені белгілі болды. Олар 6 мен 7 жастағы жасөспірімдер мен жаңа туған сәби болып шықты. Балалар күйік алмаған. Олар қазір Хромтау қаласы орталық ауруханасына дәрігерлерінің қарауында.
Басып шығару