Түркістан облысы тауларында жоғалған екі саяхатшының мәйіті табылды. Олардың денесі Қазавиақұтқару" АҚ МИ-171 тікұшағымен Шымкент қаласына жөнелтілді. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі мәлімдеді.
"29 мамыр күні сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің мәйіті бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды" - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Басып шығару