Грузияда қаза тапқан Әсел Айтбаеваның анасы Айсұлу Айтбаева грузин журналистерге қызының өліміне қатысты жаңа мәлімет айтты. Анасы Әселдің өліміне дейін қызымен екі сағат бұрын сөйлескенін, қызы одан қонаққа келуін сұрағанын мәлімдеді. Қызының қайтыс болғанын білген соң, Айсұлу Айтбаева Грузияға мәйітті тану үшін ұшып барған.
«Қиын күн болды, баламды анықтауға бардым. Иә, шынымен қызым болып шықты. Мен бәрібір оны өлтірді деген ойдамын. Аудиоқоңырауға сүйеніп отырмын, онда бәрі бар. Бұл суицид емес.
Маған Әселді итеріп жіберген сәтті көршілері видеоға түсіріп алғанын айтты. Бүгін кешке қызымның денесін Қазақстанға алып кетемін», - деді Айсұлу Айтбаева.