Mazir
17 дек 19:23korilim:2 089 Қоғам

Желтоқсан естеліктері: Бізді мазақ қылатын...


Bairaq.kz тілшісі 1986 жылдың «Желтоқсан көтерілісіне» қатысқан, қазір Алматы көпсалалы колледжінде өндірістік оқыту шебері Асанов Әділжанмен сұхбат жүргізді. 

Желтоқсан көтерілісіне байланысты облыс орталықтарында да дүмпулер болғаны туралы кейінен айтыла бастады. Сіз білім алған Талдықорғанда да сол уақытта оқиға қалай өрбіді?

Алматы болған оқиға жайлы бізге, яғни Талдықорғанға әңгіме өрт тигендей қаулап жетті. Елді арандату үшін алаңға апарып арақ-шарап төккені, халықты басу үшін Сібірден арнайы жасақ әкелгені, олардың ешкімді аямағаны, жастарды қарақұстан ұрып ауыр соққыға жыққаны, ұсталғандарды Қаскелеңнің бергі жағындағы поляға апарып төккені, осындай хабарды кейін естідік қой. Алаңда болған Қалелхан досымның айтуынша, оны да шетке апарып тастаған. Кеудесінде жаны бар екен, қолынан біреу тартып келе жатқан. Қолы қатып қалған. Қар жауып жатыр екен. Әлгі адам екеуі бір-бірін сүйреп, жолға шыққан. Жолдан машина тоқтап екеуін алып кеткен. Бір жеті бойы жаңағы кісі екі адамды қарапты. Кейін жанындағы досы қайтыс болды. Талдықорған да сол кезде толқып тұрды...

Тәуелсіздікке жетеміз деген арман болды...

Мен Талдықорғанда, Ілияс Жансүгіров атындағы пединстиуттың екінші курсында оқып жүрдім. Бізге 17 желтоқсан күні кешке ақпарат келді. Еліміздің басшылығына Колбин деген келген екен. Өзіміздің қазақтан табылмады ма екен деген сияқты сұрақ болды. Қонаевтың не кінәсі бар? Қала салды, қазақ жастарын Алматыға әкеліп оқытты, кешкісін оқытты, құрылысқа орналастырды. Сонда 86 жылы, 17 желтоқсан күні үгіт-насихат жүргізді. Жанар Айтжанова деген қыз болған. Сол айтты: Бізге ақпарат келді, ертең алаңға шығуымыз керек. Алматыдағы секілді емес, бейбіт түрде алаңға барамыз деді. Содан жиналып Зооветтехникум болған соған бардық. Әрі қарай строительный техникумге бардық. Бәрін жауып тастаған. Индустральный техникумға барсақ, оны да жауып тастаған жігіттер терезеден айғайлап тұр. Алматыдан Үштөбеге кететін жерде үлкен айналма жол бар. Біз айналма жолдан 100 метрдей жүргенде, әкімшіліктің адамдары бізді алдымыздан тоқтатты. Қақаған аяз болса да костюммен жүр. Мен ол кезде 25 жастамын. Арамызда 18-19 жасар қыздар бар. Біз бір толқын болып келе жатырмыз. Көшеден қосылып жатыр. Мичурин көшесіне келгенде (қазір Ләззат Асанова көшесі) алдымыздан су шашып пожарник келе жатты. Үстіндегі орыс боқтап, балағаттап неше түрлі сөздер айтып келе жатыр. Жанымызда 9 этажды құрылыс салынып жатқан. Сол жерде бетондар болған. Алдымда жүгіріп келе жатқан кішкентай қыз құлады, оның үстіне мен құладым. Өтіп кеткеннен кейін тұрдық. Бір жігіт машинаның үстіне шығып аяғымен кабинаны тепкіледі. Сол кезде бір полковник жағамнан ұстап сүйреп әкеліп, волга көлігіне отырғызды. Мен волганың арғы есігінен шығып кеттім. Әлгі үлкен толқын Ләззат Асанова көшесіне шықты. Арғы жағы Төлеубаев деген үлкен көше. Сол жерге келгенде облыстың зампред әйелі келіп: "Тоқтаңдар, сендерге не жетпейді, совет үкіметінен не қиыншылық көрдіңдер? Сендерді тегін оқытып жатыр. Жатақхана, жұмыс бәрі табылады", - деді. Сол жерде біз ешқандай ұрыс-керіссіз тарадық. Сонда бір жігіт біздің машинаның үстіне шыққанымызды көрді.  Бір көліктің ішінде бізді суретке түсіріп жатыр екен. Біреуі біздің ауылдың жігіті. Аналар бізді суретке түсіріп отыр дедім. Сосын әлгі полковник фотоаппаратты алып, ішіндегісін жыртып тастады. Бізді жатақханаға алып келді.   Жатақханаға келдік. Келгесін біздің декан апайымыз жинап алды. Обкомның Пресс-секретарьы келіпті. Не мақсатпен шықтыңдар, деп сұрады. Сонда деканымыз бұлардың орынына мен жауап берейін деген. Қонаевты неге алады, неге басқа ұлт өкілін үкімет басына қояды, деп қарсы сұрақ қойды. Апай кейін: – сендер мені құрттыңдар, мен 25 жыл партияда болған адам едім, - деді. Содан отырып жылады, партияға өте адал болған, үйленбей қалған адам еді. Таңертең сабаққа қатармен алып барады, қатармен алып қайтады. Бізді сұраққа алғанда менің алдымда екі жігіт болған. Дәретханаға сұранып, сол күйі шығып кеттім. Бір апта сабаққа бармадым. Келсем оқудан шығарып жіберіпті. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, Желтоқсан көтерілісіне қатысы бар, бүлікшіл деген айыппен оқудан шығарды. Екінші курс оқып жүрген кезімде 1987 жылы, ақпан айының 3 күні мені жарлықпен шығарған. Оқуды жалғастыру керек болды. Сол кезде біздің ректор Мырзатай Жолдасбеков болған. Екі жылдан кейін мен музыкальный мектепте бастауыш сыныптарға сабақ бердім. Екі жылдан кейін оқуды жалғастыруға келсем, мені қабылдамады. Ректор Сологаев деген орыс кісі болған. Біздің факультеттің деканы Шестаков деген кісі болды. Менің қатысқанымды біледі ғой, болмайды дейді. Замдекан маған жол көрсетті. Ол кезде М. Жолдасбеков замминистр болып отырды. Алматыға арызымды алып келдім. Арызымды орысша қайта жазып, Жолдасбековқа кірдім. Не жағдай, деді. Ағай оқуды жалғастырайын деп едім, Сологаев ректор, Жаппаров проректор дедім. Мені олар қабылдамағанын айттым. Ол кісі арызымның бұрышына қабылдансын деп бұйрық жазып берді. Мен мәзбін. Жаппаровқа келсем, сен не бүлдіріп жүрсің деп сұрады. Мен Шестаков болмайды деді, замдекан ректор шешеді деді. Ректор болмайды деді, деп айтып бердім. Оқуға қайта қабылдандым. Оқуға қабылданған соң маған Шестаков тыныштық берген жоқ. Сол кездері сендерді ұйымдастырған кім, деп сұрайтын. Мен білмеймін десем, сен білесің дейді. Сөйтіп жүріп көктемде мені оқудан қайта шығарды. Бізді ұйымдастырған Жанар Айтжанова деген өжет қыз болған. Жанар аккумлятор зауытына барып жігіттерге үгіт-насихат жүргізіп жатқанда ұстап алып кеткен. Мені кейін парторгке тапсырды. Таңертең барам, ол маған неге Совет үкіметіне қарсы шығасың, «несчастный» дейтін. Мәдениет үйінде қосымша жұмыс істейтінмін, таңертең әлгі кісіге келдім деп отметка жасатамын. Бір жерге  баратын болсам сұранамын. Мені қой айдауға, шөп шабуға жіберетін. Тыныштық бермейді. Үштөбеге бардым да музыкальный мектептің директорына парторгтың тыным бермейтінін айтып, жұмысқа алуды сұрадым. Маған да өзің сияқты пысық, жас жігіт керек еді, деп қуанып кетті. Завхоз боласың ба, деп сұрады. Болам дедім. Көктемде парторг менің артымнан іздеп келді. Директорға парторг келе жатқанын айтып, құтқарыңыз дедім. Өй, қорықпа анау кабинетке барып отыра бер, деді. Сізде жұмыс жасайтын бүлікшіл жігіт бар еді. Ол менің қарамағымда, соны жібер деді. Директор жібермейтінін айтып, парторгты шығарып салды. Сологаев кеткен соң, Жаппаров ректор болды. Барып үшінші рет емтихан тапсырдым. Оқып жүргенде асқазаным жарылып, операция болды. Сонымен оқу қалды. 2001 жылы Алматыға келіп аспаптар жөндейтін училищеге жұмысқа кірерде диплом сұрады. Медеуов деген математик кісі болған. Сол кісіге барып жағдайымды айттым. Платный оқысаң болады деді. Сонымен оқуға түстім. Талдықорғанда 91 жылы қазақ ұлттық музыка аспаптарының шеберханасын аштым. Біраз балаларды оқыттым, жас шеберлерді үйреттім. 

Бізді мазақ қылатын...

Бір досым болған. Мүгедек болып қалды. Күрекпен ұрғанда сүйегі жарылып кеткен. Киров атындағы зауыт болды ғой, сол жерде ол кісі Желтоқсан көтерілісінің екінші күнінде шыққанда ұсталып қалған. Қарулы жасақ ешкімді аямаған. Ұсталғандардан жауап алуға қазақтар қатысқан. Біз келе жатқанда өзіміздің жігіттер, қорғаудың орнына суретке түсіріп, өздерін көрсеткісі келді. Біз оқығанда орыс группасы мен қазақ группасы болды. Сол кезде өзіміздің қазақ қыз-жігіттер "бастарың істемейді,   біздің орыссыз күніміз жоқ" деді.   Орыс тобындағы қазақ қыздар бізді мазақ қылатын. Орыс тілден сабақ беретін апай «Асанов сен нацистсің» дейтін. Неге деп сұрасам, орысша сөйле дейтін. Кейін тәуелсіздік алғаннан кейін бәрібір Совет үкіметінің кезіне жетпейсіңдер дейтін. Мен айтам апай мүмкін емес, біз мемлекет болуымыз керек, өз тілімізді сақтауымыз керек. Тілдеріңді ұмыт деп, орысша сөйлеуге насихат жасайтын. 

Қазір ақталып шықтым. Қуғын-сүргінді көрген, ақталып шықты деген куәлік берді. 16 желтоқсанда 50 мыңнан ақша беріп жүрген. Былтырдан бері 150 мыңдай ақша береді. Ең қиналатын нәрсе, қазір менің не жерім жоқ, не басымда үйім жоқ. 

 

Желтоқсан көтерілісінен кейін қазақтың еңсесі көтерілді дейді. Сіз сондай өзгеріске куә болдыңыз ба? 

Әрине, біздің қазақ жастары сол кезде біз неге жеке ел болмаймын, тарихымызды танымаймыз деп бас көтерді. Тарихымыз Исатай мен Махамбет көтерілісі жайлы кішкене ғана кітап болатын. Басқа тарих жоқ. Орыстың тарихын оқыдық. Кинодан қазақ көрсек қуанатынбыз. Біз енді Совет үкіметінің кезінде 15 Республиканың бәрі бір жерге бағындық. Үй сала алмаймыз. Малдың еті, қазба байлықтарды Мәскеуге жөнелтіп отырдық. Қазір қалай? Қазір дүниежүзілік нарықтық эконмика. Біз өзімізді таныдық. Жер территориямыз белгіленді. Қайда барғың келсе бара бересің. Совет үкіметінде бәрі жабық болды, Москва шешетін. 

Таяққа сүйеніп жүрген кемпірдің өзі "Неге қазақша сөйлейсің" дейтін...

Талдықорғанда абыр-дабыр қылып кіріп келгенімізде таяққа сүйеніп жүрген кемпірдің өзі "Неге қазақша сөйлейсің, по-русском говори" дейтін. Автобуста сол үшін талай төбелескенбіз, бізді түсіріп кететін. Орыстың балалары "эй, баран, отойди отсюда" деп қорлайтын. 

Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана көзіміз ашылды ғой. Сондықтан, оның бағасына жете білуіміз керек.

Басып шығару
buy generic lasuna - buy generic lasuna for sale buy himcolin without a prescription

besivance ca - order carbocysteine without prescription buy sildamax pills for sale

where to buy neurontin without a prescription - order neurontin 100mg generic azulfidine 500 mg cheap

benemid 500 mg drug - monograph 600mg drug buy carbamazepine generic

buy generic diclofenac 50mg - voltaren 100mg tablet buy aspirin without a prescription

order rumalaya online - buy shallaki online buy elavil 50mg generic

order pyridostigmine 60 mg online - pyridostigmine buy online order azathioprine 25mg pill

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15