Ол Таяу Шығысқа 2013 жылы барған.
Орал қаласының тұрғыны Дариға Шелеуова өзінің Сирияға қалай барғаны және ол жерде отбасымен бірге бастан кешкендері туралы айтып берді.
«Қызым үйленді, ал күйеу балам сенімді ңөрінген болатын, ол отбасымызбен бірге Сирияға барғысы келді. Бірақ басында ол бізге Егтпетке баратынымызды айтты, бәрі жақсы болады деп біз тұратын пәтердің фотосуреттерін көрсетті, ол жерден көлік сатып алып, ақша табамын деді. Мен сендім, пәтерді, коттеджді және менде бардың бәрін сатып жібердім. Мен олардың білім алғанын қаладым. Бірақ кейінірек біз мүлдем Египетке келмегеніміз белгілі болды. 2013 жылы біз Сирияда Алеппо қаласында тұрдық, сол жерден Раккаға көшіп кеттік, содан кейін Шаддад, күйеу балам сол жерде өлтірілді, 2015 жылы Иракта болдық, күйеуімді де өлтірді. Осылайша, қызым мен немерем ғана қалдық және жесірлер мен жетімдер тұратын лагерьге тап болдық», - дейді Дариға.
Әйелдің айтуынша, әр қалада жаңадан келгендерге міндетті түрде сабақтар мен дәрістер ұйымдастырып, исламның негіздерін үйрететін.
«Ер адамдар бөлек, әйелдер бөлек оқыды. Тақырыптар әртүрлі болды –адамның өзін-өзі ұстауы, нені жасауға болады және нені жасауға болмайды деген ережелер. Бұйрық қатаң, дінсабақтары өңделген. Оқу соңында адамдар емтихан тапсыруға мәжбүр болды. Әйелдерге сыртқа шығуға, ер адамдармен сөйлесуге, туыстарымен сөйлесуге рұқсат етілмеді. Осы ережелердің орындалуын мұқият қадағалап отырды. Заң бұзушылар болды, олар жай ғана жоғалып кетті. Еш нәрсені бұзбаған адамдар қандай да бір себептермен түрмеге жабылған немесе азаптауға ұшыраған. Әйелдер үйде отырды, ешқайда кетпеді », - деп еске алады әйел.
«Қызым екінші рет үйленді, бірақ бұл біздің жағдайымызды жақсарта алмады. Біз әр түнде ұйықтап, таңертеңге дейін тірі қалатынымызды білмедік. Бұл балалар үшін қорқынышты болды. Өмір сүруге еш жағдай болмады. Қолдан жасалған шатырларда тұрдық, тіпті нан жоқ, шөп пен қоқыс теріп жедік, ал ол жерде тарақандар көп әрі су жоқ болатын. 2019 жылы Жусанның арнайы операциясының арқасында мен, қызым және екі немерем үйге қайтып оралуға мүмкіндік алдық. Енді мұның бәрін бастан өткергенімізге қатты өкінемін. Бірақ, бұл біздің тағдырымыз. Егер бізде жеткілікті білім болса, біз оған ешқашан бармас едік. Адамдар ол жерге еріксіз барады, олар өз отбасылары, ата-аналары және балаларын ойламайды», - дейді Дариға.
Ол жерге оқуғға барған адамдар болды, бірақ олар соғысқа тап болып, осылайша өз өмірлерін құртты. Қазақстанда бізді саусақпен көрсетіп Отанын сатқандар деп атайды деп қорқатынмын. Қазір өміріміз жақсарды, біз қайта оқуды, жұмысқа тұруды және қалыпты өмір салтын ұстануды шештік. Мен жастарға бір ғана нәрсені айтқым келеді - дінді өз бетіңізше зерттеп, интернеттен ақпарат іздеудің және күмәнді адамдарға сенудің қажеті жоқ. Сіз қателесіп, қатты өкінесіз. Егер оқығыңыз келсе, отандық мамандарға, имамдарға және теологтарға барыңыз. Қазақстанда өмір сүріп жатқан бейбіт аспан мен тыныштықты бағалаңыз », - деп қосты Дариға.
«Жусан» арнайы операциясына сәйкес, БҚО-ның 116 тұрғыны еліне оралды, олардың 30-ы әйелдер, 87-і балалар және үш ер адам. Оралғандардың 90% -дан астамы Орал қаласының тұрғындары.
Басып шығару