Мәжіліс сайлауы: Асқар Мамин, Алтай Көлгінов дауыс берді

Асқар Мамин Нұр-Сұлтандағы «Астана» концерт залы ғимаратындағы No138 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Сайлау учаскесіне премьер-министр азаматтық парызын өтеуге алғашқылардың бірі болып келді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Елорда әкімі Алтай Көлгінов таңғы сағат 7.30-да Қазақ ұлттық өнер университетіндегі No329 сайлау учаскесінде дауыс берді», - деп хабарлады әкімдік.
