Mazir
13 июл 14:38korilim:1 194 Қоғам

Алтай Көлгінов «Жағалау 3,4» және «Шығыс» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. Байрақ - Елорда әкімі тағы да үлестік құрылыс нысандарының құрылыс алаңдарын тексеріп, олардың үлескерлерімен әңгімелесті, деп хабарлайды Bairaq.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Елорда әкімі кезекті рет үлестік құрылыс нысандарының құрылыс алаңдарын тексеріп, олардың үлескерлерімен әңгімелесті. Алтай Көлгінов "Жағалау-3" ТК (А-Ж блоктары), Сығанақ көшесі, Қорғалжын тас жолының оңтүстігіне қарай орналасқан "Жағалау-4" ТК құрылысы орнында болды, сондай-ақ Тұран даңғылының батысына қарай Сығанақ көшесі (жобаланатын) бойында орналасқан салынып жатқан "Шығыс" ТК мәселелерімен танысты. Бұл тұрғын үйлерде 1500-ден астам үлескер өз пәтерлерін күтуді. Кездесу барысында олар құрылыстың созылуына қатысты наразылықтарын білдірді. Үлескерлермен әңгімелесе келе, әкім өз тарапынан әкімдік нысандарды тапсырудың бекітілген мерзімі орындалуы үшін барлық шараларды қолданатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол құрылыс салушылар өз қаражатын үйлерге салған адамдардың сенімін ақтамағанын, олар ұзақ жылдар бойы құрылысы аяқталмаған, сондай-ақ көптеген кемшіліктер бар екенін атап өтті. "Құрылысты салушылар үлескерлердің ақшасын пайдалана отырып, үй салу міндетін өз мойнына алды, бірақ адамдардың сенімін ақтамады. Мұндай теріс пиғылды адамдармен алдағы уақытта жұмыс істемейтін боламыз. Енді аталмыш мәселені өз күшімізбен жеткізетін боламыз. Ең бастысы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік қаражат бөлінді. Құрылысты аяқтау және үлескерлердің ұзаққа созылған мәселелерін түпкілікті шешу процесін бақылауда ұстаймыз", - деді әкім.




Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15