Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс сайлауын тағайындады. Тиісті қаулы Ақорда сайтында жарияланды.
«Партиялық тізімдер бойынша сайланған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалсын.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 11 қаңтарына тағайындалсын», - делінген Мемлекет басшысының қаулысында.
Орталық сайлау комиссиясына кезекті депутаттар сайлауына дайындық пен ұйымдастыру жұмыстары тапсырылды.
Басып шығару