Mazir
18 ноя 22:36korilim:942 Қоғам

Латын графикасына негізделген әліпби жобасы мен емле ережесі

9 қараша күні Президент Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өткен қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесіне қатысты кеңесте Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова жетілдірілген әліпби жобасын таныстырғаны мәлім. Бұл жоба Орфографиялық жұмыс тобының шешімімен мақұлданған және республика көлемінде апробациядан өткен. Бекітілген әліпбиге түзету мен толықтыру жұмыстары қоғамда, ғалымдар арасында бір жылдан аса талқыланды. Талқылау барысында бұрынғы акут  белгісі умлаут (ä, ö, ü), бревис (ğ), макрон (ū) диакритикасына, ал диграф седиль (ş) диакритикасына ауыстырылды, сонымен қатар Ч мен Ц дыбыстарына таңба алу-алмау, W, C, X таңбаларын әліпби құрамына ендіру-ендірмеу, Ә, Ө, Ү таңбаларын осы тұрпатында қабылдау-қабылдамау, ң дыбысын диакритикамен немесе диакритикасыз беру мәселелері де жан-жақты талқыланды. Бекітілген әліпбиді жетілдіру бойынша Ұлттық комиссия жанынан құрылған жұмыс топтарының (орфографиялық, терминологиялық, әдістемелік, техникалық) бірнеше отырысы өтіп, Президентке таныстырылған әліпби жобасының жазылым мен оқылымдағы артықшылығы мен техникалық қолайлылығы, Unicode стандартына сәйкестігі сарапталды.   
Президентке таныстырылған әліпби жобасы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының немесе Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығының ұсынған жобасы емес, Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық жұмыс тобының даярлаған әліпбиі екенін айта кету керек. Орфографиялық жұмыс тобына Тіл білімі институтының, «Тіл-Қазына» орталығының, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары тартылған.   
Латын графикасына негізделген әліпби жобасының емле ережелері де бір емес бірнеше рет арнайы ұйымдастырылған семинар-кеңестерде, жұмыс топтарының ресми отырыстарында кеңінен талқыланып, тәуелсіз сарапшыларға да берілді. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында оқушылар арасында, Астанадағы №76 мектеп-лицейде,  Гуманитарлық колледжде, бірқатар ЖОО-да емле ережелерінің жобасы бойынша сынама сабақтар өткізілді. Сынама нәтижелері Орфгорафиялық топ ғалымдарына ұсынылып, сол бойынша емле ережелеріне түзетулер мен толықтырулар жүргізілді. 
Орфографиялық жұмыс тобы тарапынан әліпби мен емле ережесіне   жүргізілген жетілдіру жұмыстары толықтай аяқталғандықтан, жоба Президентке таныстырылған болатын. Енді алдағы уақытта әліпби мен емле ережесі Ұлттық комиссия қарауына ұсынылады. 

Гүлфар Мамырбек
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына»
 ұлттық ғылыми-практикалық орталығының 
жетекші ғылыми қызметкері
Басып шығару
buy lasuna tablets - purchase himcolin order himcolin sale

order benemid for sale - carbamazepine 200mg brand buy tegretol 200mg sale

buy mebeverine medication - buy generic arcoxia over the counter pletal for sale online

buy celecoxib sale - indomethacin online purchase indomethacin online cheap

buy generic cambia - purchase diclofenac for sale buy generic aspirin 75 mg

rumalaya buy online - buy endep 50mg generic amitriptyline 10mg ca

mestinon cheap - order pyridostigmine online cheap azathioprine 25mg cost

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15