Ақордада қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша кеңес өтті.
Президент төрағалығымен ұйымдастырылған жиынға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, лингвист-ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
Кеңесте Мемлекет басшысының назарына ғылыми тұрғыдан зерделенген әліпбидің жаңа жобасы ұсынылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әліпбиді қабылдау кезінде асығыстық танытуға болмайтынын мәлімдеді.
«Жаңа графиканы енгізу бір күнде я болмаса тіпті бір жылда іске аса қоятын жұмыс емес. Әйтпесе асығыстық бүкіл мәдениетімізге және тарихи болмысымызға зиян келтіруі мүмкін. Мәселе – кириллицаны латын әліпбиіне аударуда емес, бұл қазақ тілінің ауқымды реформасы деген сөз. Қаржы мәселесін де ескеруіміз керек. Латын әліпбиін енгізу жұмысы біртіндеп жүзеге асуы қажет», – деді Мемлекет басшысы.
Басып шығару