Mazir
13 окт 23:09korilim:704 Қоғам

ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ ТИЯНАҚТАЛА ТҮСТІ


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті 2020 жылғы 13 қазан күні Орфографиялық жұмыс тобының онлайн отырысын өткізді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың 21 қазанындағы тапсырмасына орай, латыннегізді қазақ әліпбиін жетілдіру бойынша Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық, Әдістемелік, Сараптама және Техникалық жұмыс топтары мен тәуелсіз сарапшылар бекітілген әліпбиге қатысты бірнеше рет ресми отырыстар ұйымдастырып, талқылау, сараптау жұмыстарын жүргізіп келеді. Соның барысында қазақ тілінің әліпби түзу қағидаттарына және халықаралық UNICODE жүйесіне сәйкестігі сарапталып, диакритикалық белгілер таңдалды. Онлайн бас қосудың өзектілігі: латыннегізді әліпбиге көшу үрдісі қорытынды кезеңге таяды. 
Осы себепті күн тәртібіндегі мәселе өте өзекті.

Шара барысында әліпби жобасындағы диакритикалық белгілердің тиімділігі мен бірізділігін талқылау және әліпби нұсқасын апробациядан өткізу жәйі қаралды. 
Әуелгі кезекте әліпбидің жаңа жобасындағы диакритикалық таңбаларды біріздендіру мәселесі жөнінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова жан-жақты баяндап берді.

Түркітілдес елдер арасында латын қарпіне бұрыннан көшкендер бар. Біразында әжептәуір практика қалыптасты. Диакритикаларды қолдану барысындағы осындай халықаралық тәжірибе біраз мәселенің оң шешім табуына себепші бола алады. 
Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Гүлфар Мамырбек аталмыш бағытты өз талдауында нақты мысалдар арқылы жеткілікті қамтыды.

Жарыссөзге қатысқан сала ғалымдары әр диакритикалық белгілердің фонетикалық және графикалық негіздемесін талқылауға көңіл бөліп, әліпби жобасындағы диакритикалық белгілердің дыбыстық мәнді дұрыс беру функциясын саралады, әліпби жобасындағы диакритикалық белгілердің жүйелігіне баса назар аударды.
Бұдан басқа әліпби жобасының жазылым мен оқылым жүйесіндегі артықшылығы мен кемшілігін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан анықтау мақсатында өткізілетін апробация нәтижелерін талқылау мен диакритикалардың халықаралық тәжірибедегі қолданылуын талдау туралы ұсынысқа қызу қолдау көрсетті.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15