Mazir
31 окт 22:30korilim:1 886 Қоғам

Шекара шебі мығым ба?

Шекара шебі мығым ба?


Қытайдан екі қандасымыздың 1-ші қазанда қашып өткенін бұған дейін БАҚ құралдары әлденеше хабарлаған. Ол кезде ҰҚК Шекара қызметі тарапынан ешқандай ресми мәлімет берілмеген болатын. Жедел қимылдап, қырағы болуы тиіс Шекара қызметті басшыларының неге жайбасарлық танытқанын білмейміз, 15 қазанда ғана ресми мәлімет таратып, Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Ал, күні кеше ғана депутаттар алдына келген Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов қырағылық танытпаған офицерлерге қызметтік шара қолданылып, екі қандасымыз қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Оқиға орын алған соң отыз күн ойланып, әлде тиісті ақылдасатын «ақылгөйлерімен» ақылдасып айтқаны осы болды. Сөзіміз дәлелді болу үшін Шекара басшысының депутаттар мен БАҚ айтқан уәжінен үзінді келтірейік. 

  • Мемлекеттік шекара сенімді қорғалады, жабық. Алайда, адам факторы бар. Бұл мәселені талдап жатырмыз. Жан-жақты зерттеп, мемлекеттік шекараны қорғаудың кейбір тұсын өзгертеміз. Тәртіптік жаза қолданылатыны анық. Әрине, сарбаздар емес, лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады. Бөлім командирі қызметінен босатылды,– деді ол мәжіліс депутаттарына.

Негізінде мынау масқара жағдай. Шекара қызметінің директоры, генералдың айтатын сөзі емес. Егер Ділманов мырза шынайы жауапкершілікті сезінсе, бөлім командирін жұмыстан босатпас бұрын өзі отставкаға кетуі тиіс еді. Қайдағы сенімді қорғалған? Мүйіз бен дәрілік шөп жинаған хансулар екі күннің бірінде шекарадан заңсыз өтіп, ұсталып жатса... Ал, ұсталмағандары қаншама? Арнайы дайындықтары жоқ, екі бала жаяулап өте шыққанда байқамаған шекарашыларды қырағы деп қалай айтамыз? Сұрақ көп, жауап беретін басшы жоқ. Жалпы ҰҚК мен әскери прокуратура Шекара қызметіне кешенді тексеру жүргізсе, оған БАҚ өкілдерін де қатыстырса, талай заңсыздықтың беті ашылар еді... Ендеше біз айттық, жаздық, қалғаны құзырлы органдардың еншісінде.

Қандастарға қорған бола алмасақ елдігіміз қайда?


   Ал, енді бірер сөзді амалсыз қашқын болып өткен екі қандасымыздың тағдырына қатысты арнасақ. Жалпы біздің биліктің шетелдерде жүрген қандастарымызға жатбауыр пиғыл көрсетіп жүргені бір бұл емес. Қытайдағы қазақтар мәселесі көтерілгелі соңғы екі-үш жылдың жүзі болып қалды, бір рет те ресми нота тапсырып, жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге талпынған жоқ. Қытайдан алып қойған қарыздары көп пе, оларға қарап ауыздарын ашпайды. Осы жазда ғана Қытайдан тағы бір қандасымыз - Сайрагүл Сауытбай қашып өтіп еді, оған да босқын деген мәртебені берместен Чвецияға тентіретіп жібердік. Қарлығаштай пана іздеп келген бір қызға қорған бола алмаған соң не үміт, не қайыр? Егер Қытайда жағдай жайлы болса, бұлардың барлығы осылай қашып өтер ме еді. Бүгінде Қытайдағы 1,5 миллион қазақтың бәрі атамекенге үдере көшуге қамданып, теңіздей толқып тұр.  Үй, жайын сатпастан тастап, сауда-саттық жолымен келіп қалып жатқандары қаншама? Шекара қызметінің басшысы айтқандай, мына екі қандасымызға қозғалған қылмыстық істі жалғастырып, оларға 2 миллион айыппұл салса, өздері қашып өткен олар мұнша қарыжыны қайдан тапсын? Сонда біздің заң орындары ол қарыжымен қай жыртықтарын жамағалы отыр? Әрине, олар таба алмайды, сол кезде заңның екінші тармағымен оларды бас бостандығынан айырып, елден шығарып, Қытайдың қанды шеңгеліне салып бере ме?

   Бұл сұрақтарға да әзірше жауап жоқ. Негізі «жер көлемі жөнінен әлемде 9 орындамыз, жеріміз кең, халқымыз аз, игерілмей жатқан жеріміз қаншама, соны Қытайға жалға берейік» дегенде біздің биліктің таңдайы тақылдап-ақ кетеді. Ал, сол бос жатқан жерге Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Рессей, Қырғызстан, Түркіменстандағы қандастарымызды кезезең-кезеңімен көшіріп алайық дегенде кежегелері кері тартып-ақ, тұрады. Бұл аз адам емес, осы елдерде жоқ дегенде  5 миллион қазақ жүр. Мұның сыртында Түркиядан тартып, Еуропада жүрген қазақтар қаншама? Әрине, олар саяси және әлеуметтік қысым көрмегенімен тілін, дінін, болмысын жоғалтып, жергілікті көп ұлттарға жұтылып барады ғой. Оларда да 2 миллион қандасымыз өмір сүруде. Ал, біздің билік 30 жылда 1 миллион қазақты көшіріп алғанына  тоқмейілсіп отыр. Олардың қаншамасы азаматтығын ала алмай, сарсаңға түсіп жүргені және бар. Бәрін айт та, бірін айт, өздері қорлық көріп келген қандастарды қамқор бола алмасақ елдігіміз қайда?


Нұрболат Абайұлы




Басып шығару
purchase lasuna online cheap - buy diarex without prescription order himcolin online

neurontin 800mg cost - neurontin cheap buy generic sulfasalazine

buy besivance generic - buy carbocisteine paypal sildamax medication

purchase benemid sale - probalan pills tegretol brand

buy celecoxib 200mg pills - order celebrex for sale buy indomethacin 75mg sale

buy cheap generic mebeverine - etoricoxib 120mg over the counter buy pletal pills for sale

buy cambia without a prescription - voltaren 100mg drug order aspirin 75mg for sale

buy pyridostigmine pills - buy generic imuran 50mg azathioprine pill

buy generic rumalaya over the counter - cheap shallaki generic buy generic elavil over the counter

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15