Mazir
25 апр 19:47korilim:2 772 Ашық әңгіме

М.САЛИХОВ: Билік пен халықтың арасы алшақтап кетті

Меңдеш Халелұлы Салиховтың есім жалпы жұртшылыққа  жақсы таныс. Қоғамда болып жатқан кез келген оқиғаның бел ортасында жүретін азамат іскерлік ортаға да бөтен емес. Ал мұнайшылар Меңдеш Халелұлын «өз адамы» санайды. Өйткені ол мұнай саласында қатардағы оператордан бастап «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ басшысы қызметіне дейін көтерілген. Жұрт әлі «ес жиып, етек жинай қоймаған» алмағайып кезде ел басқару ісіне де араласты. Қазір ол жеке кәсіпкер. Жуырда Меңдеш Салиховтың кітабы шықты. Әлі сиясы кеуіп үлгермеген кітап «Жизнь в эпоху перемен, или не нефтью единой...» деп аталады. - Меңдеш Халелұлы, туып-өскен жеріңіз, балалық шағыңыз туралы кітапта жазған екенсіз. Дегенмен өз аузыңыздан естігім келіп тұр, сіздің әулетті «мұнайшылар династиясы» деуге бола ма? Өйткені, әкеңіз де мұнайшы болған екен... - 1947 жылы Атырау облысындағы Құлсары ауылында тудым. Соғыстан кейін өмірге келген ұрпақпыз ғой, бала болсақ та кедейліктің қамыты мойнымызға бататын. Бірақ аш болған жоқпыз. Сол кезде біз үшін ең тәтті – сары май жағылған нан еді. Ал енді оның үстіне шекер сеуіп жеген баладан асқан баққытты жан болмайтын. Сондай қиыншылыққа қарамастан, әкем мені Құлсарыдағы ең жақсы саналатын А.Пушкин атындағы мектепке берді.  Орыс мектебі еді, ал мен бір ауыз орысша білмеймін. Тіл білмей қиналғанымда әкем: «Сен менің қателіктерімді қайталауға тиіс емессің!» деп қайрайтын.
Мұнайшылардың дені батыста ғой. Атам ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істегенімен, әкем мұнайшы болған. Біздің әулеттегі мұнайшылар сабақтастығы үзілген жоқ әлі.
Мектепті алтын медальмен бітірдім. Мектепті тәмамдағанда менде мұнайшы болудан басқа арман болған жоқ. Алдыма сондай мақсат қойдым. Математика пәнінен өткен аудандық және облыстық олимпиадада жеңімпаз болдым, мені кез келген университет емтихансыз қабылдауға дайын еді. Көпшілігі шақыртты да.  Бірақ мен «мұнайшы боламын, мұнайшының оқуына түсемін» деген мақсатымнан танбадым. Менің буынымдағы азаматтардың бәрі жақсы оқыды. Көпшілігі Мәскеудегі Ломоносов атындағы университетке немесе Бауман атындағы оқу орнына баратын. Мен де Мәскеуде оқуды армандадым. Алайда адамның дегені бола бермейді ғой, тағдырдың жазуымен Уфаның мұнай институтынан бір-ақ шықтым. Оған еш өкінбеймін, Башқұрт елінде аяулы жарым Әлиямен таныстым...
Уфа мұнай институты Мәскеудің оқу орны сияқты болмағанымен, дәрежесі жоғары еді. Бір жылдан соң ақыры арманыма жетіп, Мәскеудің И.Губкин атындағы мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтына ауыстым.
- Мұнай саласындағы жұмысты қатардағы операторлықтан бастапсыз. Мұны айтып отырған себебім, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқып келгендердің түгелге жуығы  бірден жайлы креслоға қонжия кететіні құпия емес қой? - Өкінішке қарай, солай болып тұр. Шетелде оқып келген жастар Астана мен Алматыда қалып қояды. Өндірістің не екенін білмейді. Осылайша біз болашағымызды жоғалтып жатырмыз. Өндірісті білмейтін маман шетелдік менеджерлерге бәсекелес бола алмайды.  Өйткені «қағаз кеміруден» басқа нәрсе оның қолынан келмейді.
Алғашқыда Сарықамыс деген жерде оператор болып жұмыс істедім. Аяққа керзі етікті киіп алып, мұнай өндірісін, өнімнің деңгейін бақылаймын. Жайлы кабинетте отырғам жоқ. Ыстықта – күнге қақталып, суықта – тоңып шыңдалдық. Міне, біз жұмысты осылайша өндірістен бастадық.
Әлі күнге дейін айтып жүрем, Қазақстанда мұнай өндірісінен жақсы тәжірибе алатын жер – Маңғыстаудағы мұнай кеніштері. Өйткені Маңғыстау мұнайының ерекшелігі көп. Маңғыстау мұнайының құрамында парафині көп. Минус жиырма бес градустан төмендегенде мұнай қоюланып кетеді. Газы да аз емес. Сондықтан өндірісті әрдайым бақылау қажет. Мұнайды тазалау, парафинді бөлу оңай жұмыс емес. Осының бәрін Маңғыстауда үйренуге болады. Мен осы сатының бәрінен өттім. Бәрін біліп, білікті маман болып қалыптастым.
«Ұлым АҚШ-қа кетіп қалды...» - Өз балаларыңыздың арасында мұнайшылар бар ма? - Үш ұлым бар. Кенжем – мұнай өндіру саласының мықты маманы. АҚШ-тан білім алып келді. «Теңізшевройлда», одан кейін өзім құрған мекемеде жұмыс істеді. «ҚазМұнайГаз» БӨ‑де қызмет етті. Елге пайдасы тиетін өте білікті маман еді, алайда екі жыл бұрын АҚШ-қа қайта кетіп қалды.
- Неге кетті? - Елдегі жағдайға, өзінің жұмысына көңілі толмады. Бір өкініштісі сол, Қазақстанда білікті мамандар бағаланбайды. Тамыр-таныстық, парақорлық, жемқорлық әбден дендеп алған. «ҚазМұнайГазды» қараңызшы, мұнай саласын жақсы білетін маман жоқ. Бұрын да солай еді, қазір де солай.
Мұнай – Қазақстан экономикасының локомотиві. Ал енді осы салада мұнай өндірісін жақсы білетін мамандар болмаса, онда не болғанымыз?! Жаңа технология, инновация болмаса, қалай өркендейміз?!  
Мұнайдан тек бонус пен салық қана алып отырмыз. Басқа еш нәрсе жоқ. Мұнай алаңдарының бәрі ескірген. Жаңа технология жоқ. Оны дамытуға мұнай саласын басқарып отырғандардың өресі жетпейді.
- Осыны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы неге ашып айтпайсыз? - Телеарналар эфирін бермесе, жазғаныңды газеттер баспаса, оны қалай айтасың? Кітап жазғандағы мақсатым да – осы. Алғашқыда кітап жазамын деген ойым болған жоқ. Басқа жолмен ойымды жеткізе алмайтын болған соң, кітап шығардым. Болашақ ұрпақ білсін, керегін алсын деп.
Ақтауда кітабымның тұсаукесеріне мектеп оқушыларын шақырдым. Сонда бір жас бала: «Біз Араб әмірліктерінен де көп мұнай өндіреміз. Бірақ неге кедей тұрамыз? Неге біз арабтар сияқты бай емеспіз? Неге осындай күйде жүрміз?» деген сұрақ қойды. Мен бұл сұраққа былай деп жауап бердім: «Араб әмірліктері – мұнайдың пайдасын көріп отырған ел. Өздері би, өздері қожа. Мұнайдан түскен пайданы өз елдерінің игілігіне жұмсайды. Ал бізде мұнайдың мұңы қазақтікі болғанымен, пайдасын өзгелер көріп отыр. Мұнай алаңдарының бәрі сатылып кеткен. «Теңізшевройл» - АҚШ-тікі, біздің көретініміз бар-жоғы 20 пайыз ғана. Қарашығанақта – 10 пайыз. Анау –Қытайдыкі, мынау – Ресейдікі...
Егер бәрі өзімізде қалса, пайдасын да өзіміз көрер едік. Мен әуелден мұнай саласын жекешелендіруге түбегейлі қарсы болғанмын. «Елдің байлығы елде қалуы керек. Мұнай кеніштерін сатпа» деп Қажыгелдинмен де жағаласқанмын кезінде. Қарсы шыққаным үшін жұмыстан қуды, мұнайшылардың аузын аштырмады. Қорқытты, үркітті. Менен кейін «мұнай саласы жекешеленбесін» деп ешкім айта алмады.
- Сол кезде инвестор тартпасақ, мұнай кеніштерін қалай игеретін едік? - Үкімет басшысы Ә.Қажыгелдинге: «Маңғыстаумұнайгазды» сатпайық. Маған тізгінді беріңіз, миллиардтап инвестиция алып келуге болар еді» дедім. Көнбеді. «Сен ештеңе түсінбейсің» деп жазғырды.
- Президентке неге айтпадыңыз? - Ол кезде БАҚ еркіндігінің нышаны бар еді. Телеарналар арқылы айттым, «Егемен Қазақстанға» осы туралы мақала да жаздым. Мені Заманбек Нұрқаділов, Фариза Оңғарсынова, Ирак Елекеев және тағы да басқа депутаттар қолдады. Жағдайды бәрі біліп отырды.
«Маңғыстаумұнайгаз» сатылатын тұста президент Н.Назарбаев Маңғыстауға келді. Жағдаймен танысты. Сонда президент маған:«Сен өзі жақсы жігіт едің, бірақ сені Америка бұзды. Ойың бізбен қабыспай жүр» деді. Егер ол кісі менің не айтып жүргенімнен хабарсыз болса, жағдайды білмесе, осылай деп айтар ма еді? Президент Н.Назарбаев бәрін біліп отырды.
Құдай берген мұнайымызды өзіміз өндіріп, пайдасын да өзіміз көрудің жолдары бар еді. Бірақ сол тұста бұл туралы ешкімнің ойланғысы келмеді. Қажыгелдиннің де, басқасының да.
 - «Жалғыздың шаңы шықпас» деген сөз бар қазақта. «Мұнайдың мұңын» түсінетін Сіздің қатарластарыңыз қайда? Олар неге үндемейді? - Мұның басты себебі – бойкүйездік пен жалтақтық. «Сен айтып, жазып жүрсің ғой. Көпті көрдің, сенің айтқаның жетеді» дейді. Менің ғана айтқаным жетпейді. Менің қатарымнан марқұм Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев мәселені жете түсінді. Жекешелендіру тұсында Нұрлан Өтепұлы мұнай министрі болды. Мұнай саласын жекешелендіруге ол да қарсы шықты. Бірақ біздің сөзіміз өтпеді.
- Жағдайды түзетуге бола ма? Әлде осы кеткені кеткен бе? - Болатын еді, бірақ оған көп күш керек. Мұны енді кейінгі буын қолға алмаса болмайды. Түзетудің жолы бар. Мәселен, «Теңізшевройлдың» келісімшарты аяқталуға таяу. Келісімшарт біткен соң кенішті өз қолымызға алуға болады. «Құрметті америкалық қонақтар, сіздерге рахмет! Енді біз өз мұнайымызды өзіміз игереміз. Оған шамамыз жетеді» деу керек. Одан кейін ол компанияның басына «блатнойларды» емес, өндірісті білетін білікті басшыларды қойып, америкалықтардың мықты мамандарын жалдап жұмыс істету қажет. Арабтар осылай істеген.
- Америкалықтармен келісуге болар, көрші Қытайды қайтеміз? - Қытаймен біршама қиын. Олар бас сұққан жерінен ешқашан кетпейді. Менің ойымша, Қытаймен де келісуге болады. Басқаша тәсілмен. Бірақ біздің Қытайға қарызымыз қыруар. Әлі де қарыз алып жатырмыз. Қарыздың күліп келіп, жылап қайтатыны белгілі. Ең бастысы – талап қоя білу. Талап қойып, шартымызды орындата білсек, мәселені  шешуге болады.
«Мұнай өңдейтін төртінші зауыттың бізге керегі жоқ» - Ал енді Сіз айтып отырған осы мәселені шешуге не кедергі? - Жемқорлық! Қараңыз, кептірілген жеміс-жидекті Өзбекстаннан сатып аламыз. Бағасы еттен қымбат. Осы істі неге Шымкентте қолға алмайды? Ол үшін шаруаға жер керек? Жер алайын десе, пара сұрайды. Қолынан іс келетін азаматтарға қажетті жер телімдері мен жеңіл кредит беру керек. Бұл – бір ғана мысал.
Енді өзім жақсы білетін мұнай саласына қайта қайта келейік.
Шетелдіктерге талап қою керек. Қожасы шетелдік болғанымен, жұмыскерлері жергілікті халық болуы шарт. Құрлысы, бұрғылауы, қызмет көрсету саласы қазақтікі болсын. Бізде бәрі керісінше. Себебі – сол баяғы жемқорлық. Бұған білімсіздікті қосыңыз. Мұнайға жауапты министрлікті алсаңыз да, «ҚазМұнайГазды» алсаңыз да, мұнай саласын түсінетін маман жоқ.
Бірде «ҚазМұнайгаздың» басшысы Сауат Мыңбаевқа хат жазып барғанмын. Онда мұнай саласында қордаланып қалған мәселелерді атап, оларды шешу жолдарын көрсеткенмін. «Керек десеңіз, осы жұмысқа өзім де ат салысып, көмектесуге әзірмін!» дедім. Бұлай деуге құқығым бар. Америкада білім алдым, сол елде қызмет еттім. Ауғанстанды да көрдім. Қазақстанда да қызмет істедім. «Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра» деген бар. Әйтпесе, «кеңесші болайын» деп жұмыс таба алмағандықтан сұранған жоқпын. 
Мыңбаев үндемей құтылды. Әсет Исекешев министр кезінде осы сөзді оған да айттым. Исекешевтен де жауап болмады.
- Қазіргі Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа айттыңыз ба? - Бозымбаевқа несіне айтам?! Айтқанмен де, сөзім желге ұшқандай болады. «Төртінші мұнай өңдеу зауытын саламыз» деп әр жерде айтып жүр. Бізге оның түкке де қажеті жоқ.
- Қалайша қажеті жоқ? Елдегі жанармай тапшылығын қайтеміз сонда? - Мәселе мынада: мұнай өңдеу зауыттарындағы технология ескірген. Мұнайды иін қандырып өңдей алмаймыз. Өндіріс төмен. Егер қолда бар үш зауытты дұрыстап жабдықтаса, бензиннің, солярканың, керосиннің шығымы да, көлемі де өседі. Біздің зауыттар мұнайдың қаймағын ғана алады, қалғаны мазут болып босқа кетіп жатыр. Қысқасы, зауыттар толық күшпен жұмыс істеп жатқан жоқ. Жүктеме аз. Ең көп дегенде 70 пайыз жүктемемен ғана жұмыс істеп тұр. Төртінші зауыт салғанмен оны да тиісінше жүктей алмайды! Ал енді жүктемесі аз тура осындай тағы бір зауытты қыруар қаржыға салғаннан не пайда? «Зауыт саламыз» дейді де, тағы да ақша жейді.
- «ҚазМұнайГаз» бен Энергетика министрлігі тіл табысып жұмыс істей алмайтын сияқты.  Осының себебін түсіндіріп бере аласыз ба? - Бұл екі мекеменің арасында не болып жатқанын дөп басып айту қиын. Оны өздері ғана біледі. Өйткені екі мекемеде де «командалар» жұмыс істейді. Бірінің сөзі біріне өтпейді. Бірін-бірі мойындамайды. Бір кездері биліктің жоғарғы сатысында жүрген досым Нұрлан Балғымбаев: «Жоғарғы билікте интрига, бірін-бірі алдау, аяқтан шалу деген өршіп тұр екен» дейтін. Әлі де солай.
- Меңдеш Халелұлы, осы орайда бір сұрақ. Өзіңіз айтып отырған Нұрлан Балғымбаевтың премьер ретіндегі қызметіне қандай баға берер едіңіз?  - Дәрігер де, философ та, құрылысшы да, әртіс те президент бола алады. Ал премьер-министр өндірісті білетін сала маманы болуы керек. Түсінікті тілмен айтқанда, жолында жүк қалдырмайтын қара нар болуы шарт.
Нұрлан Өтепұлы басқарған үкіметті айтсам, жұрт «досын мақтады» деуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде Балғымбаев басқарған үкімет басқаларымен салыстырғанда кәсіби еді. Өйткені ол өндірісті жақсы білетін. Мұнайдан түскен ақшаны қалай және қайда жұмсауды түсінді. Бұл бір қиын кезең еді. Нұрлан Өтепұлы мемлекеттің мүддесі үшін ресейлік топтармен көп арпалысты. Табанды азамат еді, ақырында дегеніне жетті. Ұлттың ұпайы кететін тұста қайраткерлік көрсетті. Ұлттық компаниялар құру туралы бастаманы ең алғашқы болып көтерді. Бұрынғы «Қазақойл», бүгінгі «ҚазМұнайГазды» Нұрлан Балғымбаев құрды. Жанына білікті мамандарды жинай білді. Бірақ Нұрлан Өтепұлы ойға алғанын толық іске асыра алған жоқ. Оған мүмкіндік бермеді.
- Мұнай бітсе немесе керексіз болып қалса жайымыз не болады? - Қазақстанның өз жолы болуы керек. Біз смартфон жасап ұшпаққа шыға алмаймыз. Бұл жөнінен Қытайдан, Жапониядан, Еуропа елдерінен қалай озасың? Байқоңырымыз болғанымен, ғарышты игерген империя емеспіз. Сонда не істейміз? Не істей аламыз? Бізде жер бар. Мұнайдан басқа да қазба байлықтар бар. Соны дұрыс өндіріп, жөнімен өңдеуді үйренуіміз керек. Әсіресе, қазбалы байлық өндірудің маңайындағы қызмет көрсету компанияларын мейлінше дамытып, қазақстандық бизнестің қолына беру керек! Олигархтарға немесе жеке банктерге емес, дәл осы өндірістік қызмет көрсету саласына тиісті преференциялар берілуі тиіс. Қазір осы салада қаптап жүрген шетел компанияларына үкімет тыйым салып, керісінше, отандық кәсіпкерлерге жол ашуы тиіс. Сонда қаншама жұмыс орны ашылады, қаншама салық төленеді. Ең бастысы – жергілікті халық жұмысқа араласады, өзін асырайды!
Ең бастысы, ауыл шаруашылығын жолға қойған жөн. Диқаншылық пен мал өсіру қазақтың қолынан келеді. Ветеринарияны ретке келтірсе, Қазақстанның етін шетелге көптеп сатуға болады. Мәселен, Аустралия сияқты. Мұнай біткенде негізгі пайда көзі ауыл шаруашылығы болса, ешқашан ұтылмаймыз.
  «1989 жылы Жаңаөзенде адам шығыны болмаған»  - Мұнайды сөз еткенде 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиғаны айтпай кете алмаймыз. Осы мәселені оқ атпай шешуге болар ма еді? - Болатын еді. Өкінішке қарай, біздің басшылар халықпен сөйлесе алмайды. Аралары тым алшақтап кеткен.
Алдымен 1989 жылғы оқиға туралы айтайын. Сол кезде де себеп осы болды. Осыдан 29 жыл бұрын да шешілмеген әлеуметтік-экономикалық мәселе жұмыскерлерді бас көтеруге итермеледі. Басшылар халықтың алдына шығуға қорықты. Күш жұмсауға бейім тұрды. «Қорыққан бұрын жұдырықтайды» дегеннің кері келді. Ақыры не болды? Жоғарыдағылар «ОМОН-ға» жүгінді. Бірақ ол кезде адам шығыны болған жоқ. Ол тұста қала басшыларының бірі едім. Бастан-аяқ араласуға тура келді. Бұл оқиға маған үлкен сабақ болды.
Жаңаөзенде 2011 жылы болған оқиға кезінде адам өлді. Бір емес, бірнеше адам көз жұмды. Егер сол кезде Үкіметтен арнайы комиссия құрылып, билік  мұнайшылардың талаптарына құлақ асқанда, бәрі басқаша шешілер еді!
- Сондай жағдай тағы қайталанбасына кепілдік бар ма? - Ешкім де ондай кепілдік бере алмайды!.
- Назарбаевтан кейінгі кезеңді қалай елестетесіз? Билік ауысу процесі бізде қай жолмен жүруі мүмкін?  - Қазақстанда билікті мұрагерлік жолмен беріп кету деген болмайды. Өйткені оны халық қабылдамайды. Егер билікті ың-шыңсыз ауыстыра алсақ, билікке мемлекетшіл әрі іскер азамат келсе, онда бағымыздың жанғаны. Кейбіреулер астыртын жоспарлап жүргендей төңкеріс жасау – мемлекеттің дамуын бірнеше жылға кері сүйреп тастау деген сөз.
Меніңше, билік ауысуы туралы президент халықпен ақылдасып, құпия жасамай, ортаға салып билік транзитінің нақты жоспарын ұсынуы тиіс. Тек халық қолдаған транзит жобасы өміршең болмақ, мемлекетіміздің болашақтағы тұрақтылығының кепілі болмақ!
Оның үстіне Қазақстанда билік ауысуы бейбіт әрі өркениетті түрде өтсе, елдің халықаралық аренадағы абыройы да арта түседі. Қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда инвестициялық мүдделері бар дамыған елдер де, соның ішінде Қытай, Ресей, АҚШ, соны қалап отыр.
- Ашық әңгімеңізге рақмет.   Сұқбаттасқан Ерік Рахым. 
Басып шығару
buy generic lasuna - cheap himcolin pill himcolin generic

purchase besifloxacin online - buy carbocysteine without prescription purchase sildamax online

buy generic neurontin 800mg - ibuprofen 600mg ca order azulfidine 500mg sale

probenecid 500 mg without prescription - buy benemid 500 mg online cheap tegretol pill

purchase celebrex for sale - buy urispas sale indomethacin 50mg pill

order generic mebeverine - purchase arcoxia pills buy pletal 100mg

buy diclofenac 50mg generic - aspirin 75mg uk buy aspirin online

buy rumalaya tablets - buy rumalaya without prescription elavil usa

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15