Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тағы да қала тұрғындарына үндеу жасады. Оның айтуынша, қаладағы эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп барады: коронавирус жұқтыру осы аптада бірінші аптаның деңгейінен тоғыз есе асып түсті.
«Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 44 науқас анықталды. Тәуліктік өсім 0,3 пайызды, инфекция деңгейі 1,37-ді құрады. Осы аптада CVI ауруы бірінші аптаның деңгейінен тоғыз есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісіп барады, және аурудың өсу тенденциясы байқалады», - деді Бекшин.
Осыған байланысты бас санитарлық дәрігер тағы да алматылықтардан карантин ережелерін сақтауды сұрады.
Басып шығару